04.11.2025
2025 жылдың 4 қараша күні мектебіміздің 10-11 сынып оқушыларымен Алматы қаласындағы «ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара академиясы» қызметкерлері мен оқытушыларымен кездесу ұйымдастырылды. Мақсаты:оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту; оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз-өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру; мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру. Оқушылардың назарына арнайы бейнеролик ұсынылып, оқу орны туралы толық ақпарат берілді
