"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектебі"  КММ
КГУ “Общеобразовательная школа №7 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области”

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жалпы адамзаттық құндылықтар арқылы баланың өзіне деген сенімін қалыптастыру

22.02.2018

«№ 7 қазақ орта мектебі» КММ бойынша  «Жалпы адамзаттық құндылықтар арқылы баланың өзіне деген сенімін қалыптастыру» аудандық семинары туралы мәлімет. 2017-18 оқу жылы.

2018 жылдың 21 ақпан  күні мектебімізде өзін – өзі тану пәнінен 9 а сыныбында « Әдептілік – адамгершілік белгісі» атты  ашық сабақ өтті. Сабақты өзін –өзі тану пәнінің мұғалімі Б.С.Смагулова өзін –өзі тану кабинетінде, күнтізбелік жоспарға сәйкес өткізді. Сабақ арнайы жоспармен жүргізіліп, барлық кезеңдері сақталып, өте тартымды өтті.Сабақтың басында ұйымдастырылған тыныштық сәті балаларға жақсы әсер берді. Оқушылар өз ойларын, пікірлерін ортаға салып,еркін түрде  талқылады. Сонымен қатар шығармашылық жұмыс барысында сахналау өте қызықты өтті. Оқушылар рөлдерге кіріп, жақсы сомдап шықты.Сабаққа аудан, қала мектептерінен өзін –өзі тану пәнінің мұғалімдері қатысып, ашық сабақтың өте жақсы ұйымдастырылғанына ризашылықтарын білдірді.

Просмотров: 502


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст