"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектебі"  КММ
КГУ “Общеобразовательная школа №7 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области”

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бос жұмыс орындарына байқау

«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының № 7 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ бос жұмыс орындарына байқау өтетіндігі туралы хабарлайды!

1. Директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары – (декреттік орны)
2.Физика пәнінің мұғалімі – (негізгі қызметкер)
3. Көркем еңбек пәнінің мұғалімі – (декреттік орны)
4. АӘТД пәні мұғалімі – (негізгі қызметкер)
5. Іс жүргізуші – (декреттік орны)
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: жоғары педагогикалық білім.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» №57 бұйрығының 10-қосымшасына сәйкес конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда)
10) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» №57 бұйрығының 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

Байқау уақыты: 24.07-02.08. 2023 ж.
09:00-13:00
Атбасар қаласы, Уәлиханов көшесі 13
Эл.пошта atbasar_sh7@mailru
Байланыс телефоны: 8(71643) 2-56-14
@atbasar_sh7@mail.ru
@atbasar_roo

Қосымшалар:

Жаңартылған күні: 28.02.2023 16:56
Құрылған күні: 26.07.2023 20:03

Текст