Текст
Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Ағымдағы жылдың 11 қараша күні жоспарға сай қазақ тілі мен әдебиеті апталығы «Тіл тағдыры -ел тағдыры тақырыбында салтанатты түрде ашылды. Мақсаты: Оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін қастерлеуге баулу.
Безендірілуі: «Үш бәйтерек -130 жыл» тақырыбында ұйымдастырылып, нақыл сөздер, шарлар, қазақ тілін зерттеуші ғалымдардың еңбектерінен көрме жасалды. Оқушылардың«Үш бәйтеркке»арнап арнауөлеңдері оқылып,күмбірлете күйлері тартылды. Мептептің тәрбие ісінің меңгерушісі Б.С.Смагулова және ТӘБ жетекшісі З.Т. Ауезова ұстаздар мен оқушыларды апталықтың ашылуымен құттықтап,сәттілік тіледі.