Текст
2023 жылдың 12 мамыр күні мектебіміздің 1-11сыныптарында « Халықаралық отбасы күні» атты тәрбие сағаттары өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларға Халықаралық отбасы күні туралы мәлімет беру;
Оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, рухани тазалыққа баулу.
Отбасы мен ата-ананы бағалауды үйрету.
Сынып жетекшілері оқушылармен бірге атаулы мереке туралы сұхбаттасып, отабасы құндылықтары туралы әңгіме етті. Сонымен қатар оқушылар салып келген суреттері туралы мазмұндама жасап, өз отбасыларындағы басты құндылықтары туралы баяндады.