“Цифрлық мұғалім” жобасы аясында 9 “Ә” сынып оқушысы Арманмен кезекті сабағымыз өтті. Бұл жолғы сабақтың тақырыбы – “Механикадағы күштер.”
Сабақ барысында цифрлық білім беру ресурстары, атап айтқанда бейнесабақтар, интерактивті материалдар және электрондық оқулықтар қолданылды. Осы құралдардың көмегімен тақырып оқушыға қызықты әрі түсінікті түрде жеткізілді.
Арман сабаққа белсенді қатысып, тапсырмаларды өз бетінше орындады. Ол қойылған сұрақтарға дұрыс жауап бере отырып, оқу мақсаттарына қол жеткізді.
Әрине, оқыту барысында кейбір дағдыларды жетілдіру қажеттілігі де анықталды. Арманға тапсырмаларды орындауда уақытты тиімді пайдалану дағдысын қалыптастыру ұсынылады. Алдағы сабақтарда тақырыпты бекіту және білімін нығайту мақсатында қосымша жаттығулар ұсынылатын болады.