Текст
2024 жылдың 11 қараша күні мектебіміздің барлық сыныптарында « Мен және менің құқығым» атты тәрбие сағаттары өткізілді.
Мақсаты: - оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру;
- ой-өрісін дамыту, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасауға үйрету, есте сақтау қабілетін жетілдіріп, сөздік қорын молайту;
- оқушылардың бойына құқықтық, патриоттық, адамгершілік тәрбиені сіңіру;
Сынып жетекшілер арнайы бейнероликтер арқылы оқушыларға балалар құқығы және заң туралы ақпарат беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.