Текст
2024 жылдың 4 желтоқсан күні мектебімізде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша 10-11 сынып оқушыларымен кездесу болып өтті. Кездесуді Атбасар ауданының аға прокуроры-А.А.Ашимова және балалар инспекторы-Б.Т.Рахимжанов және балалар аға инспекторы-С.С.Токжуманова оқушылармен профилактикалық әңгімелесу өткізді. Кездесу барысында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру және ескерту жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: кәмелетке толмағандар арасында заң ұғымдарын насихаттай отырып, жасөспірімдердің қажетті заңдылық біліммен қамтамасыз ету. Оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, ол сұрақтар бойынша нақты жауаптар алынды.