Текст
Көкшетау қаласында 2025 жылғы 5-9 қаңтар аралығында Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен 9-11 сынып оқушылары арасында Республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді. Байқаудың облыстық кезеңіне мектеп бойынша 2 оқушы қатысты: Бабаева Аяулым орыс тілі мен әдебиет -11 сынып оқушысы және Асан Медина қазақ тілі -10 сынып оқушысы. Олимпиаданың қорытындысы бойынша ІІІ дәрежелі дипломдармен 11 сынып оқушысы Аяулым Бабаева марапатталды. Пән мұғалімі Байдашева Гульмира Муратовна. Құттықтаймыз!!!