2025 жылдың 16 сәуір күні мектебімізде ата – аналарға қолдау бағдарламасын іске асыруға арналған кезекті сабағы өтті. Сабақты өткізген қазақ тілі және әдебиетінің мұғалімі Есенгулова Лида Аскаровна. Тақырыбы: «Баланың бас ұстазы –ата -ана»
Мақсаты: балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналарды немесе заңды өкілдерді педагогикалық қолдау бойынша әдістемелік ұсынымдар балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту.
Ата-аналарды педагогикалық қолдаудың міндеттері: балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, психологиялық және әлеуметтік құзыреттерін дамытуда ата-аналарға жүйелі педагогикалық қолдауды ұйымдастыру; балаларды тәрбиелеу мен дамытуда білім беру ұйымы мен отбасы арасындағы өзара іс-қимылды нығайту;балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналардың жауапкершілігін арттыру. Кездесу барысында ата – аналар бала тәрбиесіне байланысты жағдаяттар шешіп, арнайы бейнеролик тамашалап, оны талдады. Сонымен қатар бала тәрбиесіне қатысты мәселелерді ортаға салып, өз ойларын, пікірлерін білдірді.