30 маусым 2025 жылы " Жас Ұлан" аула клубының белсенділері "Мейірімді болайық" акциясын ұйымдастырды. Акция аясында балаларға" Жақсылық себеті" таратылды. Мақсаты:
1. Қоғамда мейірімділік пен ізгілік құндылықтарын насихаттау – адамдардың бір-біріне деген қамқорлығы мен сыйластығын арттыру.
2. Балалар мен жастардың бойында жанашырлық, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру – үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету.
3. Күнделікті өмірде игі істер жасауға ынталандыру – жақындарға көмектесу, жылы сөз айту, көмекке мұқтаж адамдарға қол ұшын беру.
4. Жақсы әрекеттер арқылы жағымды орта қалыптастыру – мектепте, аулада немесе қоғамда бірлік пен достықты нығайту.
5. Еріктілік қызметке баулу – өз еркімен қоғамдық пайдалы іс-шараларға қатысуға қызығушылықты арттыру.