"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектебі"  КММ
КГУ “Общеобразовательная школа №7 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области”

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу

16 сәуір 2025 жылы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі мамандарының апталығы аясында «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының №7 жалпы білім беретін мектебі» КММ  педагог-психологы Жумашова Жанар Оразовна және әлеуметтік педагог Муканова Гульзада Кабдешовна ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың ата-аналарымен «Жүрек жылуы» атты психологиялық тренинг өткізді.
Мақсаты: Бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы - отбасы. Сондықтан ата - ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау,  өзін-өзі тануына бағыт беру, тәрбие жайлы пікір бөлісу. Ата-аналарға балаға рухани тәрбие берудегі отбасының рөлі  жайлы түсіндіру.
Мынадай бірнеше сұрақтар болды:
1.«Ерекшелігі» бар бала дегенді қалай түсінесіз?
2. «Ерекше баланы» өсіріп, тәрбиелеп отырған ата-аналар қандай қиындықтарға тап болады?
3. Өмір адамға бірақ рет беріледі дегенді қабылдайсыз ба?
4. Бала біздің өміріміздегі...

Бұл тренинг ата-аналарға ойын және ой қозғау ретінде өткізілді. Олар өздерінің пікірлерін, ішкі сезімдерін, нақты қандай қадам жасау қажеттіліктері кезіндегі қиындықтарымен бөлісті. Ата-аналар өздеріне қажетті мағлұматты алып, мазалап жүрген кейбір сұрақтарға кеңестер алды.

Қосымшалар:

Жаңартылған күні: 16.04.2025 18:37
Құрылған күні: 16.04.2025 18:38

Текст