Текст
Атбасар қаласы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде 01.11.2024 жылы 5-6,7-8 сынып оқушылары арасында Республикалық пән олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті. Олимпиадаға химия, биология, жаратылыстану, информатика, география, физика, математика, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі, қазақстан тарихы, ағылшын тілі пәндерінен барлығы 106 оқушы қатысты. Оқушылар пән бойынша кабинеттерге бөлініп, олимпиада материалдарын орындады.