14.02.2018 ж №7 қазақ орта мектебінде жаңартылған оқу бағдарламасы аясында облыстық семинар өтті. Олыстық семинарға Көкшетау қ., ББ ОӘК және ПШО тренері, «Атбасар ауданы білім бөлімінің» әдіскері және Атбасар ауданы бойынша 25 ұстаз қатысты.
Семинардың мақсаты: «5-7 сыныптардың мұғалімдерін білім берудің мазмұнын жаңарту талаптарына сай келетін тәжірибелік жұмысқа дайындау». Осы семинарда «7А» сыныбында алгебра пәні бойынша «Қысқаша көбейту формуласын қолданып, өрнектерді ықшамда» тақырыбында математика пән мұғалімі Тулегенова Н.С. сабақ көрсетті, және 5 «А» сыныпта қазақ әдебиеті мұғалімі: Есенгулова Лида Асқарқызы Бердібек Соқпақбаев «Менім атым Қожа» повестінің үзінді ашық сабақтарды көрсете білді. Сабақтың құрылымы жүйелі түрде құрастырған болатын, психологиялық ахуал, түрлі белсенді әдістер, қалыптастырушы бағалау бойынша әр түрлі деңгейлі тапсырмалар, сергітту жаттығуы, АКТ қолдану кезеңдері бойынша сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылар белсенді қатысып, сабақтың мақсатын, сол мақсатқа жету жетістік критерийлерін өздері құрып, сабақтың соңында мақсатқа жетті деген қорытындыға келді. Өткізген сабағы өте жақсы бағаға ие болды.
Семинар барысында аудан мектептерінің мұғалімдері қатысып, критериалды бағалау жолдары мен әдістері туралы пікір алмасты. Семинарға қатысушылар бағалау мен жинақтық бағалаудың айырмашылығын атап айтты. Жеке жұмыс кезіндегі, жұптық жұмыс кезіндегі, топтық жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалаудың түрлері туралы пікір алмасты. Қалыптастырушы бағалу-оқушының күнделікті алған білім деңгейін анықтайды.Ал, жинақтық бағалау-белгілі бір тақырыпты қорытындылау мақсатында, тоқсан аяғында жазылған бақылау жұмыстарына қойылатын баға екенін айтып,өзара қызу пікір алмасты.