2018 жылдың 17 қаңтар күні Атбасар қаласының Әкімшілігінде салтанатты түрде Әкім стипендиясы табысталды. Стипендиаттар тізіміне үңіле отырып, оқушылардың жоғары аудан көлемінде марапатталуының жай еместігі анықталады. Залда үздіктердің ең үздігі жиналды. Олардың бәрі- оқуда, спортта және шығармашылықта белсенді, адал, жауапты. Биыл Атбасар ауданы Әкімінің стипендиясына оқушы лайық деп танылса, оның 3-і жетінші мектептен. Олар: Исин Руслан, Қалдыбай Дариға , Оспанова Самал . Әкім Аманбек Амирхамзинович Калжанов біздің аудан оқушыларын марапаттай отырып, өз қуанышын жасырмайды. Ақшалай сыйлық салынған хатқалталар оқу үздіктеріне, аудан және облыстық олимпиада жүлдегерлеріне, жасөспірім балалар орталығының оқушыларына, сондай-ақ елеулі табысқа жеткен спорт және музыка мектебінің оқушыларына берілді. Стипендия марапаттауынан кейін Атбасар ауданы Әкімі А. А. Калжанов және Білім бөлімінің бастығы Н.Г Наймушинанның қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Сұрақ қойғысы келген стипендиаттар өз сұрақтарын қойып, жауап алды. Одан кейін стипендиаттар ескерткішке суретке түсті. Марапаттаудан алған қошеметер мен жақсы көңіл-күй барлық оқушылар мен мұғалімдердің, директорлардың естерінде қалатыны анық.