"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектебі"  КММ
КГУ “Общеобразовательная школа №7 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области”

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаңа жыл ертеңгіліктері

28.12.2017

Биылғы жылы мектебімізде Жаңа жыл мерекесі ерекше аталып өтті.Оқушыларға арналған ертеңгіліктер 26 желтоқсан күні басталып 28 желтоқсан күні аяқталды. Әр сынып параллельдері бойынша арнайы бағдарламаға сәйкес өткізілді.26 желтоқсан күні 0АӘБ сыныптарының ертеңгіліктерінде ұстаздары бас кейіпкер болып киініп рөлдерді сомдады. Жалмауыз Кемпірді -  Мұхаммед Айгүл, арыстанның рөлін – Дабиева Нұрсәуле  сомдады. Ал Дөкей Тұя жүргізуші болып, бағдарламаны басқарды. Барлық бүлдіршіндер Аяз Ата мен Ақша Қарға тақпақтарын айтып, бимен әндерін орындап, арнайы Жаңа жылдық сыйлықтарына ие болды. Мектеп белсенділерінің орындауында Қызыл Телпек ертегісінің сюжеті ойналды. 1 сыныптар ертеңгіліктерінің бағдарламасында « Қасқыр және 7 лақ» атты көріністі 1 б

сыныбының оқушылары керемет орындап шықты. Ал 1 А сыныбының « Гномиктер» атты билері барлығымызды таңғалдырды.4 АӘ сыныптарының ертеңгіліктерінде ең дарынды әншілер, бишілер топтары таңғай қақтырды. Ортаңғы буын оқушыларының 7 АӘБ сыныптарының бағдарламасында Хан мен Ханшайым  қойлымы әдемі вальспен басталып, керемет қызықты ойындармен, билермен аяқталды. 8 АӘ сыныптарының бағдарламасында  да қызықты ойындармен балалардың өнеріне тәнтті болдық.Жалпы барлық сыныптардың ертеңгіліетері өте қызықты өткізілді.

Просмотров: 462


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст