Атбасар қаласының №7 қазақ орта мектебінде қараша айының 4-14 жұлдызы аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің апталығы өтті. Апталықтың мақсаты:қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінде инноватциялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру. Апталықтың ашылуын 4 қараша күні қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі З. Т. Әуезова «Мәңгілік ел-мәңгілік тіл» тақырыбында 5-11 сынып оқушыларының қатысуымен өткізді.Оқушылар ана тілі туралы ән,жырларынан шашу шашып, ақын -жазушылардың жырларын жатқа оқыды. Қазақ тілі пәні мұалімдері апталық барысында ашық сабақтар мен сыныптан тыс тәрбие сағаттарын өткізді.
Әуезова Зәмзәгү Тұрғанқызы 11 қараша күні 7 «а» сыныбында қазақ тілі пәнінен жанартылған
білім бағдарламасы аясында Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы бөлімнің ішіндегі «Қазақ халқының дәстүрлі әндері»атты тақырыпта ашық сабақ өткізді. (қосымша №1) Сабақтатың ұйымдастыру кезеңінде мұғалім оқушыларға психологиялық ахуал жасалды.Оқушыларды ұлттық аспаптар арқылы (домбыра,қобыз,жетіген,сазсырнай) төрт топқа бөліп отырғызды.Мұғалім оқушыларға бүгінгі сабақтың мақсатына жету үшін не істеу қажет екенін айт өтті. Сабақ үдерісінде тыңдалым, айтылым,оқылым,жазылым дағдылары жүзеге асырылды.
Оқушыларға өткен тақырып бойынша ашық сұрақтар қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашты.
Мысалы: 1Қазақ музыка өнер жанрларын атаңдар?
2.Қазақ халқының атақты қандай күйшілерін білесіңдер?
3.Ғұрыптық әндер қандай әндер жатады?
4.Қазақ халқының әнші-сазгерлерін атаңдар?
5.Қазіргі қазақ музыкасының дамуына көңілдерің тола ма?
6.Қазақтың әншілерінен кімдерді білесіздер?
(дәстүрлі, эстрада,опера)
Сабақтың басында тыңдалым дағдысы бойынша арқа әншілері туралы бейне баян көрсетіліп,тыңдалды.Оқушылар тыңдаған ақпараттары ортада талқылап пікір алмасты. Арқа әншілері туралы өз ойларынмен бөлісті.
Мысалы: арқа әншілері Біржан сал, Ақан сері, Балуан Шолақ ,т.б.
Сабақтың ортасында оқушыларға оқылым дағдысы бойынша Қазақтың дәстүрлі әншілері атты мәтін ұсынды. Оқушылар мәтінді оқып, мәтіндегі негізгі ақпаратты сызба кестелер(балық қаңқасы, кластер,екі жақты
күнделік, қос диограмма ) арқылы талдады,постер қорғады.
Оқушылар дәстүрлі әндер мен эстрада әндерін және әншілер туралы өз ойларын ашып айтты.
Сергіту сәтінде оқушылар Даниярдың орындауында «Ерке сылқым» күйін тыңдап,сергіп қолды.
Жазылым дағдысы бойынша оқушылар оқыған және тыңдаған ақпараттарына сүйеніп және тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдерді жүйелі қолданып шағын мәтін құрап жазды.
Оқушылар жазған мәтіндерін ыстық орындықта отырып оқып берді.Оқушылар жазған мәтіндерінде күміс көмей, жез таңдай, үкілегн домбыра т.б.тұрақты тіркестерді қолданып,мағынасын ашып айтып берді.Мақал-мәтелдерді де( «Өнерлінің өрісі кең. Жігітке жетпіс өнерде аз.Өнерлі өрге жүзер.т..б) қолдана алды.
Сабақтың соңында оқушылар Т-кестесі әдісі бойынша (иә,жоқ) Қазіргі қазақ музыкасының дамуына көңілдерің тола ма? –деген сұраққа өз ойларын ортаға салып,пікір алмасты. Оқушылардың көбінің жауабы қазіргі уақытта музыка өнерінің дамуына көңілдері толатынын айтты.Сондай-ақ, оқушылардың көбісі дәстүрлі
әндерге қарағанда эстрада әндерін көп тыңдайтын болып шықты. Оқуышлар сабақ барысында орындай алған тапсырмаларын БАС бармақ әдісі бойынша бағалады.
Мен бүгінгі сабақта...... 1.Бейнебаян желісі бойынша ашық сұрақтарға жауап бере аладым. 2. Мәтінді оқып, талдап,салыстырмалы анализ жасай алады. Графикалық органайзерлерді тиімді қолдана аладым. 3. Тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдердәі қолданып шағын мәтін құрастырып жаза алады. 4.Тұрақты тіркесті сөздердің
қолдану жолын түсіндім.
Оқушылар сабаққа қызығушылықпен қатысып,сабақ барысында берілген тапсырмаларды ыждағаттылықпен орындап отырды. Мұғалім әр тапсырма соңында оқушыларға кері байланыс жасап отырды,жарайсың,тамаша,өте
жақсы,жақсы,керемет деген ауызша бағалап отырды.
Сабақтыңсоңында дөңгелек үстел басында пән мұғалімі З.Т. Әуезова бүгінгі сабақта мақсатқа жеттім.Оқушылар сабаққа қызу белсенді қатысты,бірақта, әліде оқушылармен тұрақты тіркестермен жұмыс жасауым керек деп сөзін аяқтады.Өзара тәжірибе алмасу мақсатында сабаққа өзге пән мұғалімдері қатысты.Олар:1.Оқу ісінің меңгерушісі Г.К.Кулбаева сабақтың жоғары деңгейде өткенін айтып, мұғалімге ризашылығын білдірді. Оқушылардың тіл байлығы, мәнерлеп сөйлеу дағдылары, ой-өрісі, ойлау –қабілеттері жоғары деңгейде дамыған деген пікірлер айтылды. 2.Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Хұрмет Нұрдыбек өз сөзінде мұғалімі заманауи жаңа
әдіс-тәсілдерді жетік меңгерген.Оқушылар сабаққа белсенді қатысқанын айтып,пән мұғаліміне игі тілегін білдірді. 3.Химия пәнінің мұғалімі А.Х.Токбергенова өз сөзінде оқушылар сабаққа қызығушылықпен қатысты,сабақ өте қызықты,жақсы өтті. Оқушылар өздерінің білімдерін көрсете алды деп мұғалімге рақмет айтты. 4.Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Л.А. Есенгулова өз сөзінде пән мұғалімі сабақта 7 модуль әдістерін ықпалдастыра отырып,шебер қолдана алды.Сондай-ақ, тыңдалым айтылым, оқылым,жазылым тапсырмалары сабақтасып,үйлесіп отырғанын айтты. Пән мұғаліміне алғысын білдірді.
12 қараша күні 6 «а»,»ә» сынып оқушыларының арасында XX l ғасыр интеллектулады сайыс өтті.
(қосымша №2)
Сайыстың мақсаты: Оқушылардың зеректік қабілеттерін дамытып, ой - өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, озық ойлы оқушыны анықтау. Зияткерлік сайыс барысында оқушылардың тыңдау және есте сақтау қабілеттері арқылы сайыс тапсырмаларына нақты жауапты ойлылықпен айта білетіндіктері байқалды. Зияткерлік үш кезеңнен тұрды. 1.«Кім жылдам?» кезеңінде оқушылар қазақ тілі пәнінен сұрақтарға жауап берді. 2. «Ойлы болсаң озып көр!» кезеңінде оқушылар берілген тұрақты сөз тіркесінің мағынасын ашып,айтты. 3 “Ұшқыр ойлы-жүйрік
тіл” кезеңінде оқушылар мақал - мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар айтып, білімдерімен сынасты. Жан-жақты білім танымдылықтары арқылы ізденіс, талпыныс мүмкіндіктері көрінді. Сөйлеу дағдылысы,тіл мәдениетінде нақты жауап
беру ұшқырлығы сыналды. Бірін - бірі тыңдай біліп, бағалай білетіндіктері де байқалды. Байқау нәтижесінде әділқазылардың шешімімен 6 «ә» сыныбы «Ана тілі» тобы 1-орын алды. 6 «а» сыныбы «Болашақ тобы» 2-орын алды.
Зияткерлік сайыста ерекше көзге түске «Озық ойлы оқушы» деген атаққа Бейсейтова Гүлнар мен Салия есімді оқушылар иеленді. Сайыс соңында 6 «а» сынып оқушыларыннын орындауында әсем ән шырқалды.
14 қараша күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Хұрмет Нұрдыбек 8 «а» сыныбына Ш.Құдайбердіұлының
«Қалқаман мен Мамыр» дастаны тақырыбында ашық сабақ берді.
(қосымша №3) Сабақ жоғары деңгейде өтті. Сабақ жоспары талапқа сай, жүйелі құрылған.Мұғалім алға қойған мақсатына жетті.Себебі,оқушылар сабаққа белсене қызығушылықпен қатысты. Тапсырмалар қызықты ,әрі жүйелі болды. Жеке,жұптық,топтық тапсырмалар болды.Әр тапсырмадан кейін кері байланыс жасап,оқушылар өздерін және бірін-бірі бағалап отырды. 14 қараша күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша аудандық семинар өтті.(қосымша №4) Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі Есенгулова Лида Асқарқызы жоғары санатта алу үшін қазақ тілі пәнінен 5 а сынып
оқушыларымен аудандық ашық сабақ және Мұхтар Шахановтың шығармашылығына
арнап «Тілім» деп соққан жүрегім атты әдеби музыкалық кеш өткізді. «Тілім» деп соққан жүрегім атты әдеби
музыкалық кештің ашылуын мектеп
оқушылары күмбірлеген күймен ашты. (қосымша №5)
Оқушылар Мұхтар Шахановтың өлеңдерін
мәнерлеп жатқа оқып,өлеңдеріне жазылған әсем әндерді шырқады.
Оқушылар «Отырар» дастанынан үзінді
көрніс көрсетіп,әртістік шеберліктерінде паш етті.
Кеш соңында аудандық тілдер
бірлестігінің әдіскері Бибігүл Төлебаевна М. Шахановтың шығармашылығына
арналған шара жоғары дәрежеде ұйымдастырылғанын айтып, оқушылардың сөз
шеберлігі, ән айту қабілетеріне ерекше дайындықтарын көріп,өзінің игі алғысын
айтты.
Дөңгелек үстел басында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен өткен сабақты
талқылау өтті. Кіріспе сөзді мектеп
басшысы Калиева У.З ашып ауданымыздың
мектептерінен келіп отырған ұстаздарға алғысын айтты. Қазақ тілі қазіргі
уақытта мемлекет тарапынан үлкен қолдауға ие болып отырғандықтан, мектепте оны
оқыту сапасы да тиісті деңгейде болуы керек екенін атап өтті. Жоғарғы санатқа
өту үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Есенгулова Лида Асқарқызы
сабақ беріп отырғанын, бұл кісінің еңбек өтілі 22 жыл,мамандығы бойынша 16 жыл,
оқушыларының жеткен жетістігі, өз басының шығармашылығы жеке дара екенін айтып
кетті. Бүгінгі мектеп қабырғасында өтіп жатқан семинар өте жоғары дәрежеде өткенін атай отырып сөзді
келген мұғалімдерге берді.
1. Барисовка ОМ. Қарлығаш Маратовна: Сабақ ерекше жағдайда өтті. Жан-жақты ойластырылып құрылған.
Әдістемелік жағынан әдіс –тәсілдер дұрыс таңдалғанын айтты. Сыныптан тыс шарадағы оқушылардың өнері мақтанарлық екенін өлең оқудағы шеберліктеріне қызыққанын атап өтті.
2. Ново-Александровка ОМ. Хамбар Сайрагүл: Сабақтың ерекше шығармашылықпен ұйымдастырылғанын атап өтті. Сабақ өте жүйелі құрылған, жаңартылған білім мазмұнымен толық сәйкесетінін мұғалімнің оқушылармен қарым-қатнасы түсіністігі ерекше екенін айтты.
3. Сергеевка ОМ. Хабылхалым Айнагул. Сабақтың мақсаты айқын сондықтан оқушылар не істеу керек екенін жақсы біледі. Ең бастысы сабақтың құрылымы өте қызықты бір-бірімен байланысып жатыр деген ойымен
бөлісті.
4. № 6 ОМ Асел Маратовна. Оқушылар өздерін еркін ұстады. Тапсырманы барлығы дерлік орындап отырды. Сабақта бағалау нақты болды деген ойымен бөлісті.
5. № 5 ОМ. Кенжебаева А: Сабақтардың ұйымдастырылуы өте жоғары дәрежеде. Сыныптан тыс шара болсын, сабақ болсын үлкен шығармашылықпен ой еңбегі екенін атап өтті. Оқушылардың өлең оқудағы мәнерлері сахналық көріністегі сахна мәдениеті барлығы ойластырылған сондықтан өте жоғары бағалайтынын атап өтті.
Осыдан кейін қорытынды сөз алған аудандық білім бөлімінің әдіскері Бибігүл Төлебаевна өз ойымен бөлісті. Сабақ күнтізбелік жоспарға сай өткізіліп отырғанын, жаңартылған білім мазмұнының талаптарына толық сәйкес құрылғанын атап өтті. М. Шахановтың шығармашылығына арналған шара жоғары дәрежеде ұйымдастырылғанын. Оқушылардың сөз шеберлігі, ән айту қабілетері ерекше дайындықтары үшін алғыс айтты. №7қазақ орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі жоғары деңгейде өтті. Онкүндікте жоспарланған барлық іс-шаралар талапқа сай өткізілді.Іс-шараларға қатысқан оқушылар мақтау мағаздармен марапатталды.