Жаңартылған білім мазмұны бойынша 14 желтоқсан күні мектебімізде аудандық қазақ тілі мен әдебиеті пәндері
мұғалімдерінің семнары болып өтті. семинарға ауданымыздан 12 мұғалім қатысты. Кіріспе сөзді мектеп басшысы Калиева У.З ашып ауданымыздың мектептерінен келіп отырған ұстаздарға алғысын айтты. Қазақ тілі қазіргі уақытта мемлекет тарапынан үлкен қолдауға ие болып отырғандықтан, мектепте оны оқыту сапасы да тиісті деңгейде болуы керек екенін атап өтті. Жоғарғы санатқа өту үшін қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Есенгулова Лида Асқарқызы сабақ беріп отырғанын, бұл кісінің еңбек өтілі, оқушыларының жеткен жетістігі, өз басының шығармашылығы жеке дара екенін айтып кетті. Бүгінгі мектеп қабырғасында өтіп жатқан семинар өте жоғары дәрежеде өткенін атай отырып сөзді келген мұғалімдерге берді. Осыдан кейін қорытынды сөз алған аудандық білім бөлімінің әдіскері Бибігүл Төлебаевна өз ойымен бөлісті. Сабақ күнтізбелік жоспарға сай өткізіліп отырғанын, жаңартылған білім мазмұнының
талаптарына толық сәйкес құрылғанын атап өтті. М. Шахановтың шығармашылығына арналған шара жоғары дәрежеде ұйымдастырылғанын. Оқушылардың сөз шеберлігі, ән айту қабілетері ерекше дайындықтары үшін алғыс айтты.