Қарашаның 20-сы мен 30-ы аралығында мектебімізде «Оқытудағы инновациялық технология - білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі» тақырыбында бастауыш сыныптар апталығы өтті. Бұл апталыққа бастауыш сынып мұғалімдері тыңғылықты дайындалды. Жоспарға сай ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары өткізілді. Бастауыш сынып мұғалімдерінің онкүндігінің өткізілу мақсаты – бастауыш сынып мұғалімдерінің педагогикалық, шығармашылық қабілеттерін арттыру және инновациалық жұмыс тәжірибесімен алмасу. Міндеттері:
1. Ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу арқылы мұғалімдердің тәжірибелік шеберлігін арттыру;
2. Оқушылардың өз бетінше шығармашылық қызметтері, тәрбиеге деген қызығушылықтарын арттыру;
3. Әр оқушының сапалық білім алуына қолайлы жағдай жасау;
4. Мерекелік, шығармашылық орта орнату.
20.11. Бірінші күні онкүндіктің ашылу салтанатына орай мерекелік сап түзеу өткізілді. Аталмыш іс-шараға ӘБЖ-сі Амрина Г.А.және 1 сынып мұғалімдері Ақтайлақ Ж, Есмаганбетова Т.С. ұйымдастырылуымен 2, 3, 4- сынып оқушылары жұмылдырылды. Сонымен қатар ашық сабақтар өткізілді, 2 «Б» сыныбында математика пәнінен
(мұғалімі:Таженова Г.К.), 2 «а» сыныбында қазақ тілі пәнінен (мұғалімі: Сатыбаева Н.Д.) және 3 «Ә» сыныбында қазақ тілі пәнінен (мұғалімі: Ерденова Г.Т.), 3 «б» сыныбында қазақ тілі пәнінен (мұғалімі:Жакупова Б.М.), 4 «ә»
сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен (мұғалімі: Ауезханова Б.Ы.) .Сабақтарда білім беру, жаңа білімді меңгеру алгоритміне сәйкес, сынып оқушыларының жаңартылған бағдарламаны толық меңгергендігі байқалды. Ал қарашаның 27-сі күні бастауыш сыныптардың аудандық семинары өтті. Онда бастауыш сынып мұғалімдері Халел М. мен Джиенгарина А.М. сабақтар өткізді. 3 «а» сыныбында (мұғалімі: Халел М.) әдебиеттік оқу пәнінен «Шал мен бала» атты тақырыпта өткізілген сабақта балалар жақсы білім көрсетіп қана қоймай, шығармашылық қабілеттерін де байқатты. 2 «ә» сыныбында (мұғалімі: Джиенгарина А.М.) қазақ тілі пәнінен «Сұраулы сөйлем» тақырыбында сабақ өткізді. Оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру үшін аталмыш тақырып бойынша таныстырылым (презентация) қолданды. Сабақ дұрыс жоспарланғандықтан, түрлі жұмыс түрлерін қолданғандықтан мұғалім оқушыларға жаңа материалды меңгертуде алдына қойған мақсатына жетті. 3 «а», 2 «ә» сынып оқушыларының қатысуымен «Ойлы
болсаң, озып көр» атты сыныптан тыс жұмыс өтті. Бұл интелелктуалды сайыста оқушылар мақал-мәтелден, зымыран сұрақтар шешуден, жорға, дода сайыстарында өз білімдерін нақты көрсете білді. Тәуелсіздік күніне орай оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, патриоттық әндер шырқады. Семинар сабақтар жоғары деңгейде деп бағаланды. Және Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына орай ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Атап айтсақ, 2 б» сыныбында (мұғалімі: Таженова Г.К.) «Отан деген не?» тақырыбында, 3 «ә» сыныбында (мұғалімі: Ерденова Г.Т.) «Елбасы-ел тірегі» тақырыбында, 3 «б» сыныбында (мұғалімі: Жакупова Б.М.) «Тәуелсіз елім-Қазақстан» тақырыбында, 4 «ә» сыныбында (мұғалімі: Ауезханова Б.Ы.) «Біілімді мыңды жығар» тақырыбында өткен тәрбие сағаттарында еліміздің тәуелсіздігінің мәңгілік екені, барлық ұлт өкілдерінің бір шаңырақтың астында өмір сүретіні, Отанымыздың әр азаматы еліміздің рәміздерін дәріптейтіні , Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың ел басқарудағы
жетістіктері, Астана қаласының әсемдігі насихатталып, оқушылардың орындалуында ән-жырлар шырқалды.