29.11.2017ж біздің мектепте математика және информатика пән мұғалімдерінің аудандық семинары өтті. Семинардың тақырыбы: «Оқытудың белсенді әдістерін ұйымдастыру және қолдану». Аудандық семинарда ашық сабақтарын математика мұғалімі Искакова Б.Н., Тулегенов А.А., Тулегенова Н.С. және информатика мұғалімі Бекишев А.Т. өткізді. Мұғалімдердің ашық сабақтары жаңа тақырыпты түсіндіруге байланысты құрылған болатын, тақырыпты ашуда әр мұғалім түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттері ескеріп, сабақтың әр кезеңінде қызығушылықтарын оятып, жеке де, жұптық та, топтық та жұмыстар жүргізілді. Сабақтары өте тартымды, мағыналы өтті. Семинардың қорытындысы бойынша әр мұғалімнің жеке даралығы, дайындық деңгейі, сабақтың мазмұны ескеріліп, өте жақсы бағаға ие болды. Алдарына қойған мақсаттарына жетті деп ойлаймын. Жоғары белестерден көріне беріңіздер!!