"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектебі"  КММ
КГУ “Общеобразовательная школа №7 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области”

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бастауыш сыныптар онкүндігінде өткізілген семинар

29.11.2017

Атбасар қаласының №7 қазақ орта мектебінде 27 қараша күні «Оқытудағы инновациялық технология-білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі» тақырыбындағы  бастауыш сыныптардың аудандық семинары өтті. Семинарда бастауыш сынып мұғалімі Халел Марзия әдебиеттік оқу пәнінен  Ө. Тұрманжановтың «Шал мен бала» атты ашық сабақ ал,  Дженгарина Аридаш Мырзагалиевна қазақ тілі пәнінен «Сұраулы сөйлем» атты ашық сабақ өткізіп  және Халел Марзия  3 сынып арасында «Ойлы болсаң озып көр» атты зияткерлік сайысын өткізді. Сабақтар құрылған жоспар бойынша өткізілді. Мұғалімдер өз сабақтарын жан-жақты дайындықпен, жаңа технологиялардың элементтерін пайдалана отырып, үлкен шығармашылықпен, АКТ-ны қолдана отырып, топтық жұмыс түрінде, презентация бойынша жаңашылдықпен өткізе білді. Деңгейлік курстан өткен мұғалім өз сабақтарына 7 модульді кірістірді. Әр мұғалім өз сабағына интербелсенді тақтаны бейне роликтер көрсету, ойындар ойнау, шығармашылық тапсырмаларды орындау

кезінде тиімді қолдана білді. Сабақтар өз деңгейінде өте тамаша өтті. Оқушылардың тіл байлығы, мәнерлеп сөйлеу дағдылары, ой-өрісі, ойлау –қабілеттері жоғары деңгейде дамыған деген пікірлер айтылды. Зияткерлік сайыс  барысында оқушылардың тыңдау және есте сақтау қабілеттері арқылы сайыс тапсырмаларына нақты жауапты ойлылықпен айта білетіндіктері байқалды. Жан-жақты білім танымдылықтары арқылы ізденіс, талпыныс мүмкіндіктері көрінді. Сөйлеу дағдылысы,тіл мәдениетінде нақты жауап беру ұшқырлығы сыналды. Бірін - бірі тыңдай біліп, бағалай білетіндіктері де байқалды. Зияткерлік сайыс ән, би, мәнерлеп оқу арқылы өз мәресіне жетті. Семинарға қатысқан ұстаздар тарапынан өте жоғары деңгейде бағаланғаны айтылып өтті.

Просмотров: 640


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст