"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектебі"  КММ
КГУ “Общеобразовательная школа №7 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области”

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Көше билері» атты би сайысы

28.11.2017

27.11.2017 жылы сағат 17:00-де мектебіміздің спорт залында «Көше билері» атты спорттық би сайысы

болып өтті. Сайысымызға 5-10 сыныптар қатысты. Би сайысымыз 1-желтоқсан тұңғыш

президент  күніне арналады.Сайысымыз 3 шарттан тұрды, олар: топтың аты, ұраны, және биі мен әні тек өз ана тілімізде болуы керек. Әділ қазылар алқасында мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі-Смагулова Бахыт Серікқызы мен дене тәрбиесінің мұғалімдері-Нағашыбай Нұрболат Ермұратұлы мен Булегенов Ербол Серікбайұлы болды. Сайсымызды ең бірінші 10 «А» сыныбы ашып, 5 сыныптар жалғастырды. 5 «А» «Жалын» тобы мен 5 «Ә» сыныбының «Болашақ» тобы өте жақсы дайындықпен келгендігі көрініп тұрды.

Жоғарғы сыныпқа енді ғана аяқ  басқан орта буын сыныптары әділ қазылар алқасын таң қалдырып 1-орынды қанжығаларына байлап кетті.Сонымен қатар 6 сыныптар да қалыспай 2- орын иеленді. Ал 7 сыныптар арасында 1-орынды 7 «А» сыныбының «Зың-Зың» тобы жеңіп алса, 7 «Ә», 7«Б» сыныптары 2-орын иеленді. 8 сыныптар арасында 1- орынды 8 «А» сыныбының «Орда» тобы мен 2-орынды 8 «Ә» сыныбының «Достық» тобы алды. Сонымен қатар 9 сыныптар арасында 1-орынды 9 «А» сыныбының «Эттешн» тобы мен, 9 «Ә» сыныбының «Винкс» тобы иеленді. Би кешіміздің соңында 10 «Ә» сыныбы жалғастырып әділ

қазылар алқасы сөз сөйледі. Биіміздің соңы би кешіне ұласты.

Просмотров: 557


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст