Қараша айының 22-і күні мектеп кітапханасында «Елбасы және Астана» тақырыбында 7-8 сынып оқушыларының
қатысуымен кітап көрмесі болып өтті.
Біздің кітап көрмеміз Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылды. 1- желтоқсан Тұңғыш Президент күнін халық үлкен ықыласпен атап өтеді. Бұл мерекенің негізгі мақсаты – мемлекет басшылары мен саясаткерлерге тәуелсіздік жылдарда жеткен жетістігіміз бен елдегі тұрақтылық идеясын насихаттау болып табылады.
Менің ойымша Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тек Тұңғыш Президент емес, ол Қазақстан атты үлкен кеменің капитаны. Елбасы алыстан болжайтын бүгінгі күннің кемеңгері. Өз елін қиын экономикалық жағдайда тиімді басқарып келе жатқан тәжірибелі басшы екені баршаға аян. Мемлекет басшысы Н: Назарбаев кез-келген марапатқа лайықты жан. Президент - бұл тарихи қайраткерлерге берілген құрмет емес, адам ретінде үлкен әріппен жазылатын сөз. Қазақ елінің тәуелсіздігі жолында бүкіл өмірін арнаған, елдің гүлденуі мен өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан адамды болашақ ұстаз білуі тиіс. Жаңа әлемдегі еліміз 1-желтоқсан Тұңғыш Президент мерекесімен бірге жаңа ғасырға қадам басты.
Қазақстан – көпұлтты біртұтас мемлекет. Елдің дамуы мен гүлденуі Елбасымыздың қажырлы еңбегінің жемісі деуге болады. Қазақстанның алға жылжуы Көшбасшымыз Елбасымыздың ерен еңбегі екені даусыз. Қоғамның таныстығы мен жоғары экономикамыз өсім бұл біздің басқалардан ерекшелігімді көрсеткен негізгі
көрсеткішіміз.