"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектебі"  КММ
КГУ “Общеобразовательная школа №7 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области”

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Бастауыш-білім бастауы» атты бастауыш сынып апталығының ашылу салтанаты

21.11.2017

    Атбасар қаласының №7 қазақ орта мектебінің бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен  «Оқытудағы инновациялық технология - білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі» тақырыбында 20-30 қараша аралығында бастауыш сыныптар онкүндігі өтеді.Соған орай мектебіміздің 1-қабатына қазақтың ұлттық нақышындағы киіз үй қойылды. Әртүрлі стендтерге онкүндіктің жоспары, сабақтар жарнамалары ілінді. Және тәуелсіздік күніне орай балалардың шығармашылығынан сурет көрмесі дайындалды. Мұғалімдердің іс-тәжірибесінен көрме жасалды.  20 қараша күні «Бастауыш-білім бастауы» атты бастауыш сынып апталығының ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатына барлық бастауыш сынып оқушылары қатысып, өнерлерін көрсетті. Онкүндіктің ашылу салтанатымен құттықтау үшін тәрбие ісінің меңгерушісі Смагулова Бақыт Серікқызы сөз алды. Ол оқушыларға онкүндік ішінде барлық іс-шараларға қатысып, көптеген жетістіктерге жетулеріне тілегін білдірді. Желтоқсан айында өтетін президент күні мен тәуелсіздік күніне орай тақпақтар айтылды. Оқушыларға Тәуелсіздікке байланысты сұрақтар қойылды. Оқушылар барлық сұрақтарға мүдірмей жауап берді. Оқу, білімге байланысты «Жалғасын тап» атты мақалдар жарысы өтті. Оқушылардың зерделілігін шыңдау үшін оқуға, оқулыққа,  оқу құралдарына байланысты жұмбақтар шешілді.Оқушылар өздерінің өнерлерін көрсетіп, көрерменнің көзайымына айналды. 1 «а» сынып оқушысы Қуанышпек Қарақаттың орындауында «Көңілді күн», 2 «б» сынып оқушысы Уатхан Нұрәлі «Көк тудың желбірегені»,

3 «а» сынып оқушысы Ертаев Нұрдәулет «Қазақ елі» әнімен, 4 «ә» сынып оқушысы Бегалинова Аружан әдемі биімен көрермендерді таң қалдырды.

 

Просмотров: 1427


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст