Шынайы көшбасшының рухани қасиеттері
Егеменді ел атанып, құлашымызды кеңінен жая бастаған сайын ұлттық тәрбие беру мәселесінің де маңызы арта түспек. Өйткені әр заман талабына сай жас ұрпақты өз этикасы, өз мораль тұрғысында тәрбиелеуді талап етеді. «Бәрі де мектептен басталады...» деп Елбасы айтқандай, жас ұрпақ тәрбиесі жайындағы маңызды мәселені шешуде мектептің алатын орны ерекше. Өйткені мектеп оқушылардың өмірге деген көзқарастарының дұрыс дамып, қалыптасуына жағдай жасайды.
Қазақстан Республикасы Білім туралы заңында тәрбие мен оқыту формасын, әдістерін, технологиясын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген. Білім мекемелерінің педагогтерін ең ыңғайлы нұсқаны қолдануға, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді.Осыны басшылыққа ала отырып, қосымша білім беру негізінде сабақ жүргізудегі мақсатым-сабақта берілетін тәрбиені Елбасы өмірімен ұштастыра, оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу, мектеп бағдарламасында жоқ бөлімді қарастыру.
Елбасы «Қазақстан-2030» Жолдауында « Оқушыларды Қазақстандық патриотизмге, шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәкаппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам қасиеттерін сіңіріп, қалыптастыру керек» делінген. Өзгермелі бұл дүниеде жақсы адамның ісі мен өнегелі ғұмыры ұрпақтар сабақтастығының жалғасы болып мәңгілік қала бермек. Өз басым ұстаз ретінде Елбасының бүгінгі игілікті істеріне, ел басқарудағы қол жетпес жетістіктеріне риза бола отырып, ертеңгіміздің бұдан да нұрлы болатынына сенімді білдіремін. Өйткені кешегіден бүгін, бүгіннен ертең табысты болуы үшін тәрбиелеген, білім берген жас шәкірттердің Елбасына ұқсас болуын, Елбасы салған тура жолмен жүрулеріне негіз- Елбасының азаматтық тұлғасынан үлгі-өнеге тәрбиелеу. Жас ұрпақты Елбасы үлгісінде тәрбиелеу-оларды ұлтжандылыққа баулудың негізгі бір қайнар бұлағы. Өйткені Елбасының ұлттық бейнесі-әрбір жас ұрпақтың ұқсауға талпынатын биік мұратты. Елбасы өмірі-халыққа, Отанға шексіз қызмет етудің, елін, жерін сүйе білудің үлгісі. Оқушыларға білім мен тәрбие беруде өзін өзі тану пәнін оқудағы негізгі міндетім- лбасы бойындағы асыл қасиеттерді өмірімен, қызметімен байланыстыра, оқушылардың жан дүниесіне жеткізе білу. Жас ұрпақты Елбасы өмірі үлгісінде ұлтжандылықта тәрбиелеуде Елбасы еңбектерімен бірге арнайы естеліктері, қоғам қайраткерлерінің, замандастарының, ақын-жазушылар еңбектері, Елбасы туралы жазылған баспасөз беттеріндегі мақалаларды күнделікті іс-тәжірибемде қажетті деп тапқанымды белгілеп, тиімді пайдалануға тырысамын.
Адамдарға ақыл, парасат өз өмірін жақсарту үшін берілген .
Н. Назарбаев.
Мектепте өтілетін өзін өзі тану пәнінің басқа пәндерге қарағанда өмір таныту, адам таныту құралы ретінде маңызы ерекше. Ал мұғалім тек білім беруші ғана емес, ол - тәрбиеші, қай жақтан алып қарасақ та, бала жүрегіне жол таба білетін идеал жан. Ұстаздың шәкіртсіз өмірі жоқ. Жас ұрпақ бастауыш сыныптан бастап-ақ Елбасы өмірімен, оның әкелік қамқорлығымен ана тілі сабақтарында және сыныптан тыс тәрбие сағаттарында оқып үйренеді.Елбасы сияқты оқып, халыққа қызмет ете білу керегін түсіне бастаса, орта, жоғары буындарда Елбасы сияқты халыққа адал қызмет ете білу қажет деген рухта тәрбиеленеді. Елбасының бойындағы тамаша қасиеттер – жас ұрпаққа үлгі - өнеге. Жас ұрпаққа білім берумен қатар тәрбие беруде алға қойған негізгі мақсатым- ғұлама Әл-Фарабидің «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берген білім азаматтың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» деген даналық сөзін еске ала, үлгі алуға тұрарлық Елбасы бойындағы тамаша қасиеттерді жас ұрпақтарға саралай жеткізе отырып, Елбасы бейнесі үлгісінде ұлтжандылыққа тәрбиелеу болғандықтан, Елбасының білімділік және тәрбиелік мәні жайында айтқан пікірлеріне тоқталуымен қатар, Елбасы жайында айтқан ой-пікірлерден мысалдар келтіре талдай отырып, оқытудың тәрбиелік мәнін түсінуге бағыт-бағдар беру, Елбасының адалдығы, қамқорлығын қызметімен ұштастыра, ұрпақтың бойына ізгі жақсы қасиеттерді сіңіру. Бар өмірін халық өміріне жұмсаған Елбасының игілікті ісін көрген әр адам ойында «Өмірде кімді үлгі ету керек?» деген сұрақ туындауы даусыз. Менің өмірімде жақсы ізін қалдырған, әсіресе, жас ұрпақтың келешегі үшін, мемлекеттің тәуелсіздігі мен бейбітшілігін, әлемдік тыныштықты сақтау үшін, ана тілін, салт-дәстүрді бүгінгі заман талабына сай жетілдіру – бәрі-бәрінде Елбасының тұлғасы тұрған жоқ па? «Сүйер ұлың болса сен сүй, сүйінерге жарар ол» деген Абай даналығы осындай ел бастаған көсемдерге арналған ғой. Елбасының құнды еңбектері, жыл сайынғы халыққа Жолдаулары халық үшін, қоғам мүддесі үшін қызмет ететін бағдарламаны белгілеп берді, халыққа қызмет етудің дұрыс жолын нұсқады. Сондай-ақ дарынды, талантты оқушыларды бағалап, өзіндік негізі бар, ерекшелігі бар мектептер ашты. Жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу, жастардың жарқын өмірін, денсаулығын, оқу-тәрбиесін қамтамасыз ету мәселесіне ерекше көңіл аударып, оның мақсаттары мен міндеттерін айқындады. Бар арманы-идеялық көзқарасы берік, сенімі мол, адамгершілік жағынан мінсіз, нағыз халқына лайық адал азаматты көру. «Болашақ», «Дарын» мектептері соның айғағы емес пе? Біздің Елбасын көп ретте қазақ елінің тарихындағы ерекше бетбұрыс кезінде тізгін ұстаған Абылай ханмен салыстырып жатады. Дана қайраткер, кемел тұлға Абылайдың да арманы асқақ болатын. Одан қартайған сәтінде «Абылайдың да арманы бар ма?» екен деп сұраған екен. Сондағы Абылайдың жауабы мынау: «Арман көп, үш жүздің басын қоссам деп едім, қоса алмадым. Қала салсам деп едім, сала алмадым. Көшіп- онған елімді орнықтырып, тұтас ел етсем деп едім, оны да істей алмадым. Келешек ұрпаққа осы үш арманым да аманат,» - деген екен. Зерделеген адамға Абылай бабамыздың сол арманын орындап, жүзеге асырған, аманатқа адал болған адам – ол Н.Ә.Назарбаев Абылай өсиетіндегі үш жүздің басын қосқан, қала салған, тұтас ел қалыптастырған адам Нұрсұлтан Әбішұлы екенін айтпаса да біледі, оны мақтан тұтады, оған сенеді. Тұжырымдай келгенде, Елбасының тамаша қасиеттері мен қызметтері туралы айтылған ой-пікірлерді өзін өзі тану сабағында және сыныптан тыс жұмыстарында оқып-үйрену арқылы жас жеткіншіктер өзінің адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық талғамдарын қалыптастыра, өз қоғамының талабына сай дамуына жол ашады, өйткені Елбасының тұлғасы – біздің жастарымыздың ұқсауға талпынатын асыл мұраты.