"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектебі"  КММ
КГУ “Общеобразовательная школа №7 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области”

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ізгілік педагогикасы классигі К.Д.Ушинский туралы

14.11.2017

Ізгілік педагогикасы классигі К.Д.Ушинский туралы

ЭССЕ

«Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырған да

ғана мұғалім, ал оқуды ізденуді тоқтатқанда оның мұғалімдігі де жойылады» (К.

Д. Ушинский).

Константин Дмитриевич Ушинскийдің есімі шын мәнінде XIX екінші жартысындағы орыстың оқу-ағарту қайраткерлерінің еңүздігі боп  саналады. Ол Ресейдегі  педагогика ғылымының және орыс халық мектебінің негізін қалаушысы.Оның «Балалар әлемі», «Ана тілі», «Педагогикалық антропология» атты тамаша еңбектері, балалар мен мұғалімдерге арналған басқа да кітаптары орыс педагогикалық әдебиетінің баға жетпес классикалық шығармалары болып есептеледі, бұл еңбектер педагогика ғылымына алтын қор ретінде қосылды және дүние жүзіне әйгілі де болды.Ұлы педагог өзінің бүкіл өмірін халық ағарту ісіне және балалар тәрбиесінеарнаған.К.Д.Ушинский қоғамның жоғарғы бөлігіне тән халыққа аристократиялық - өркөкіректікпен қарауға қарсы болды. Өте дөрекі, сүреңсіз бұқара халықты "ерекше шығармашылық күштің, тамаша өлмейтін құндылықтардың қайнар көзі” дей келіп, ол "қарапайым” халықты жоғары қояды және терең бағалайды. Ушинскийдің түсінігінде, халықтыққа тән келесі белгісі – бұл жұртшылық. Тәрбиенің халықтық идеясы өз айналасына ауқымды атмосфераны талап ететіндігі және өзіндік кең қоғамдық элементтерді қатыстырусыз іске асуы мүмкін еместігіне Ушинский сенімді болды. Ол былай деп жазды: "Халықтың өзі және оның ұлы адамдары болашаққа жол қалауда: тәрбие тек ғана осы жолмен жүреді...” Сонымен қатар ол халықтық идеяны басшылыққа ала отырып, халық ағарту ісі халықтың қолында болуы керек,  ал балаларды оқыту ісі олардың ана тілінде іске асуы қажет, ол халықтықтың ең айқын көрінісі болып табылады деген қорытындыға келді. Мен К.Д.Ушинскийдің осы ойымен толықтай келісемін өйткені, ана сүтімен дарыған ұлттық құндылықтар жас жеткіншектердің бойындағы барлық адами қасиеттерін ашуға ықпал етеді. Олардың дүниетанымын ұлғайтып, қоршаған ортамен үнемі үйлесімін тауып жатады. Отбасындағы барлық мүшелерінің арасындағы жағымды қарым – қатынас арқасында  бала жан –жақты ашылады.  К.Д.Ушинский элементарлық білім берудің басты міндеті ана тілін меңгеру деп есептеді.  

   Балаларды өз ана тілінде оқыту мүмкіншілігінен айыру, оларды қолайсыз жағдайға, олардың рухани күштері мен қабілеттіктерінің жемісті дамуын қамтамасыз ететін ең негізгі құралынан айырған болар еді.  К.Д.Ушинский жанұяда, балалар бақшасында және мектепте оқыту және тәрбиелеуді ана тілінде іске асыруға аянбай табандылықпен күресті. Бұл алдыңғы қатарлы демократиялық талаптар болатынды. Ол басқа тілде оқытатын мектеп балалардың күштері мен қабілеттіктерінің табиғи дамуын тежейді, ондай мектеп балалардың және халықтың дамуы үшін әлсіз және қажетсіз екендігін дәлелдеді.   Оның пікірінше, ана тілі "халықты әлі де кітаптар, мектептер болмаған кезде де оқытқан және өркениет пайда болғаннан кейінде оны оқытуды жалғастырған ұлы халықтық тәлімгер болып табылады” – деп есептеген. Осыдан келіп, ана тілі "негізгі құрал болып табылады, оның көмегімен біз идеяларды, білімдерді меңгереміз, одан кейін шәкірттерге береміз”. «Отаныма неғұрлым көбірек пайда келтіру –менің өмірімнің бірден-бір мақсаты», -деп жазды К.Д.Ушинский. Ол кісінің педагогикалық пікірінің ең негізгі мәні -әрбір елде халықтың мақсат

мүддесіне,мұқтажына сәйкес өзіндік ағарту жүйесі болуы керек деген халықтық идеясында еді.  Дүние жүзінің басты елдеріндегі мектептердің білім жүйесін зер сала зерттей отыра,Ушинский өзінің білім беру жүйелерінде кейбір жалпы ұқсастық жақтарының болғанымен әр елдің білім жүйелерінде өзіне тән ерекшеліктері болатынын байқады, бұл ерекшеліктер сол ел халқының қалыптасқан тарихи өмірімен тұрмысын, талаптары мен мұң-мұқтажына байланыстылығын көрсетті.Ушинский халықтық әруақытта тиімді ұйымдасқан тәрбие арқа сүйеуге қажетті бастаманы көре білді. Осыған байланысты барлық елдер мен халықтар үшін тәрбие жүйесін бірдей етіп көрсетудің кез-келген әрекетіне ол негізсіз және зиянды деп қарсы болды. Сонымен қатар, ол мектептегі тәртіп мәселесіне баса көңіл бөлді. Оқушыны үнемі қорқыту, жазалау әдісімен оқытуға қарсы болды. Баланы саналы тәртіпке үйретуге зер салды, мұғалім мектепте басты тұлға деп санады. Белгілі қазақ ағартушысы Ы.Алтынсарин  өзінің педагогикалық жүйесін өз кезіндегі ең озық ғылым дәрежесіне көтерді. К.Д.Ушинский өз шығармаларында педагогиканың әрі ғылым, әрі тәрбие өнері екендігін, тәрбие мақсатымен тәрбиелеудің халықтығы туралы идеяны және жеке адамды тәрбиелеу теориясын, дидактиканы мұғалімдерге қойылатын талаптар сияқты педагогиканың күрделі де түбірлі мәселелерін ғылым негізінде шешті, өзінің прогресшіл педагогикалық жүйесін құрды.Мұғалімнің жеке басының үлгісіне мән берді. «Мұғалім  үнемі оқып, өз білімін арттырып отыруы керек, ол оқуын тоқтатқан күні ұстаздық беделінен айрылады» - деді. К.Д.Ушинскийдің осы сөздері бүгінгі күні біздер ұстаздар қауымы толығымен рас екендігіне көз жеткізіп отымыз. Расында мемлекетімізде білім жүйесіндегі соңғы жылдары көптеген өзгерістер еңгізіліп жатыр, оның барлығы заманның талабы, бірак балаларды заман талабына сай оқытамыз деп, ұлттық құндылықтарымыз ұмытылмайтын жақтарында ескеруіміз аса маңызды. Сондықтан еліміздегі қазақ мектептерінде тәрбие жүйесі ұлттық құндылықтарды дәріптейтін, насихаттайтын жолға қойылуы керек деп есептеймін.  

Просмотров: 1057


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст