Өзін – өзі тану – ерекше пән
Соңғы үш жыл мектеп оқушылары үшін ерекше жылдар. Өйткені мектеп бағдарламасына міндетті пән ретінде Өзін - өзі тану пәні еңгізілді. Пәннің еңгізілгеніне көп уақыт өте қоймаса да бала жанына өзіндіктаным сабақтарының өзіндік жағымды әсерін мектеп оқушылары да, мұғалімдер де сезінуде. Өзін – өзі тану пәні Сара Алпысқызы Назарбаеваның қолдауымен жасақталған және жалпыадамзаттық рухани – адамгершілік құндылықтарды қайта жаңғыртуға негізделген. Өзін – өзі тану бағдарламасының мәні «адал болу, айналаны жақсы көру, сүйікті болу, жақсылық үшін өмір кешу, өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым – қатынас жасау, адамдарға қолдан келгенше көмек беру,туыстарына және жақындарына қамқорлық көрсету, ешкімге еліктемей өзін таба білу, бойындағы қабілеттерін, дарынын дамыту» болып табылады. Ерте ме кеш пе адам дүниеге не үшін келгені, айналадағы әлеммен қарым – қатынасты, өз өмірін қалай құру туралы ойланады. Адамның өзін – өзі тануға, өзін – өзі жетілдіруге деген қажеттілік басты қажеттіліктер қатарында. Елбасы Қазақстан халқына жолдауында «біз әр адамның ар – намысы мен беделін бағалайтын, рухани құндылықтар мен жоғарғы адамгершілік мәдениеті бар қоғам құруымыз қажет» деген болатын.Еңгізілгеніне көп уақыт тола қоймаған пән мектеп оқушыларының сүйікті пәніне айналып та үлгерді.Өзін – өзі тану сабағы арнайы жасақталған жайлы, әсем бөлмеде өткізілуімен бірге әр сабақта оқушыларға өзін тануға, өз бойындағы ерекше қасиеттерен табуға, өзінің жан дүниесін сезінуге және өзінің дербестігін түсінуіне ықпал ету, өзімен өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі және іс – әрекеттеріне шынайы болу, жасампаздықтан аулақ болу, белсенділік, азаматтық және отан сүйгіштік таныту, адамгершілік тұрғысынан таңдауға даярлығын таныту және өз ойы, сөзі мен ісіне жауапты болу, қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамытуға үйретеді. Мектепте «Өзін –
өзі тану» пәнін оқу барысында жасөспірім санасы мен танымы арқылы өзін – өзі білуді, өзінің жеке іскерліктері мен
дағдыларын, білімдерін бағалауды үйренеді. Біздің мектепте пәнді оқытқаннан бастап оқушылардың өздерін - өздері
танып білуге деген құштарлық сезімі ояна бастады. Табиғатты қорғау, аялауда, ата – ананы, мұғалімді, жолдастарын
құрметтеуге, адамгершілік қастеттерін одан әрі дамытуға, адамдарды жақсы көруге, жақсылық жасауға, кешірімшіл болуға үйретеді. Мектептегі «түйық» балалар жолдастарымен, сыныптастарымен қарым – қатынас жасап, көпшіл
болуға өздерін – өздері дайындауда. Ал мектепте сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастылуда, оған оқушылар қызыға қатысады. Балалардың «Өзін – өзі тану» пәніне деген ықыласы бөлек. Пән мұғалімі ретінде осы пәннің қазіргі заманда баланың жаны мен оныі тәлімді өсуіне берері мол екенін білдік.пәннің адамгершілік тәрбие беруі, саналылыққа, ойлау мен түсінуге, жақсы қарым – қатынасқа жетелеуі, болашаққа үмітпен қарауға үйретуі баға жетпес жетістіктері екені даусыз. Біз аз уақытта осыны байқадық.