"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектебі"  КММ
КГУ “Общеобразовательная школа №7 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области”

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мұғалім - басты тұлға

14.11.2017

Тәрбиеші тәрбиеленушіге байқап білудің нысаны ретінде емес,  тәрбие берудің нысаны ретінде қарауы керек. Мектеп өміріндегі мұғалім – басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды оқытып ғана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Сынып жетекшісі белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу – тәрбие жұмысын ұйымдастырушы әрі  ұстазы, ақылшы – кеңесші болып саналады. Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты – мектеп оқушыларының қоғамының белсенді және сапалы құрлысшылары етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау. Сыныптағы әрбір жеке  тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуының, адамгершілік қасиеттерінің, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу. Сынып жетекшісі жұмысының қай саласын алсақ та, соның бәрінде табысқа жетудің негізгі шарты – оқушыларды жан-жақты білуі.

   Сынып жетекшісі өзіне қатысты сыныпта оқушылар ұжымын ұйымдастыра отырып, осыған сол сыныпта дәріс беретін пән  мұғалімдерін, оқушылардың ата-аналарын және жұртшылықтың бала тәрбиесіндегі ықпалын біріктіріп, олардың балаға деген талаптарын ортақтастырып отырады. Сынып жетекшінің міндеті – сан алуан. Сол себепті ол  жүргізетін тәрбие жұмысы өзінің психологиялық    мазмұны жағынан өте күрделі әрі көп ізденісті талап етеді. Дұрыс тәрбие – балаға өмір бойы азық. Сол дұрыс тәрбиені ұйымдастыратын басты тұлға – мектептегі сынып жетекшісі.

     Оқушылардың ынтымағы  жарасқан іскер ұжымын ұйымдастыруда, олардың жоғары адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру қажет.  Ол үшін, оларды ұстамдылыққа, кемшілікке

төзбеушілікке, сенімділікке тәрбиелеу керек. Себебі, оқушының оқу әрекетінде оның оқуға деген ынтасың психикалық үрдістерін сынып жетекшісі сабақтар жүйесіне қатысу арқылы анықтайды.Тәрбие – ұзақ үдеріс, оның нәтижесін есепке алу күрделі мәселе. Ол үшін жобаланған және қол жеткен шынайынәтижені салыстыра талдау керек.кез – келген тәрбиелік ықпал оны түсініп, қабылдағанда ғана нітижелі болады. С.Л. Рубинштейн тәрбиеліктің қалыптасуының психологиялық қыры туралы: «Оқушылар жұмысқа шын мәнінде кірісу үшіноқу әрекеті барысында олардың алдына қойылатын міндеттер тек түсінікті ғана емес, олар іштей қабылдануы, яғни олар оқушы үшін мәнді нүктесін табуы тиіс»Төмендегі үлгі бойынша оқу – тәрбие жұмысын іске асыруға болады.

Просмотров: 665


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст