"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектебі"  КММ
КГУ “Общеобразовательная школа №7 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области”

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бала тәрбиесі бәрімізге ортақ

14.11.2017

    «Ел болам десең, бесігіңді түзе» - деген М. Әуезовтың аталы сөзі отбасы тәрбиесінің манызын айқындады. Өркениетті даму жолындағы қоғам алдында балалы отбасына  жан – жақты қамқорлық жасап, оның мәртебелік орның жоғары денгейге көтеруге  тырысады. Отбасы адам баласының дүниеге келгенінде  есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ер жететің, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Адамзат ұрпағына отбасының аса құнды ықпалы мен  әсерін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Адалдықпен мейірімділік, жауапкершілікпен кешірімділікке негізделген отбасы мүшелерінің қарым – қатынасының бала тәрбиесіне ықпалы зор.Отбасы тәрбиесінің негізгі артықшылығы – үйдегі адамдардың жас шамасы әртүрлі болса да бір – бірімен рухани жаңалығы, мақсат ынтымақтастығы бірге болады. Тәрбиеленуші өзіне керекті рухани дүниенің барлығын қоршаған ортадан алады. Ендеше сол бір жеке тұлғаны тәрбиелеу үшін  белгілі бір жұмыс жүйесі қалыптасуы керек.  Тәрбиесіз берілген білім – ол адамзаттың қас жауы, ол келешекте адам өміріне апат әкеледі» деген болатын ұлы бабамыз Әбу насыр әл Фараби. Сапалы білім алмайтын тәрбие қонбайтын адам жоқ. Бірақ сол адамды адам етіп тәрбиелеу кімнің қолында деген сұрақтарға жауап берудің өзі ойландырады. Бала тәрбиесінде отбасының рөлі көп жағдайда жаңа әлеуметтік – экономикалық қатынастармен анықталады.  Ол ата – аналармен мектептің және қоғамның арасындағы байланыс. Ата – аналардың отбасындағы балатәрбиесіне деген жауапкершілік сезімін бір табан бәсендеткені байқалады. Бала – біздің болашағымыз, өзімізді жалғастырар ұрпағымыз. «Баланы бастан» дейді халық. Ендеше бала тәрбиесіне ерекше мән беріп ата – ана, мектеп, қоғам ынтымақтастығын ойласқанымыз жөн. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» демекші балаға отбасы тәрбиесінің әр әсері мол. Қазір жас балғын бала – ертеңгі күні еліміздің саналы азаматы. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес жалпы азаматтық қадір-қасиеттердің мән-маңызын түсінетін жанды да, тәні де таза білімді патриот азаматтар буынның тәрбиелеуге міндеттіміз»

дейді. Ендеше бала тәрбиесіне  отбасы, мектеп, оның араласатын ортасы әсерін тигізбек. Жалпы бала тәрбиесі назардан түспейтін ең маңызды да өзекті мәселе.

 Баланың бойындағы жағымсыз жат әрекеттер байқалғаннан – ақ ата – ана, мектеп тиым салып, дұрыс жолға бағыттау олардың бойына адамгершілік, кішіпейілілік әдептілік, ізгілік  қасиеттерін дарыту қажет.  Мектеп қабырғасында оқушы алты сағат сабақ оқып, екі сағат үйірмелерге қатысқан болса, қалған он алты сағаты үйінде, болса атан – ананың тәрбиесінде. Сол он алты сағатта өз баласына ақыл айтып, мағыналы әңгіме, сабағына қарап, оң тәрбие беретін ата – аналар. Мектепте де осы бағытта тәрбие шаралары апта сайын өтіп, тәрбиелік мәні ашылуда. Оқудан тыс уақытта оқушының таңдауына сәйкес келетін, олардың қабілетімен, ішкі қажеттілігін қаматамасыз ететін іс-әрекетерді ұйімдастыру көзделеді. Әр оқушы кез-келген үйірме, секцияларға өз жүрегінің қалауымен қатысып, өзінің жеке басына тән керекті қасиеттерді үйренуге мүмкіндік алады. Оқушылар арасындағы жүргізілетін жұмыстын негізгі мақсаты – жас ұрпақтын бойына  адамгершілік қасиеттерді сіңіре отырып жан – жақты дамыған толыққанды тұлға тәрбиелеу. Тәлім – тәрбие беру барысында ата – аналардың да саяси сауатты көкірегі ояу болған жөн.  

Просмотров: 517


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст