Текст
«№ 7 қазақ орта мектебі» КММ бойынша « Жыныстық тәрбие және ерте жас жүктілік» туралы мәлімет
2017 жылдың 10 қараша күні 7-11 сынып оқушылары үшін « Жыныстық тәрбие және ерте жас жүклілік» тақырыбында лекция өткізілді. Лекцияны аудандық аурухана дәрігері Тулебаев А.А. өткізіп, кәмелетке жетпеген қыз балалардың ерте жастан жыныстық қатынастың алдың алу туралы әңгіме қозғап, қажетті дәрігерлік кеңестер берді. Сонымен қатар жеке бас гигиенасына, өз денсаулығын нығайтуларына көп көңіл бөлу қажеттігіне тоқтала кетті. Балалар сұрақтар қойып тиісті жауаптарын алды.