Денгейлік курстан өткен ұстаздармен өткізілген дөңгелек үстел
31.10.2017 жылы № 7 қазақ орта мектебінде денгейлік курстан өткен ұстаздармен дөңгелек устел өткізілді. Тақырыбы: «Критериалды бағалау жүйесін сабақта қолдану. Критериалды бағалау технологиясының артықшылықтары» Дөңгелек үстелді мектебіміздің координаторы Тукушева Зәуре Амангелдіқызы өткізді. Дөңгелек үстел жағымды психологиялық ахуалдан бастады. Критериалды бағалау сапалы нәтиже алуға бағытталған үдеріс. Сонымен қатар оқытудың сапасын жаксартуға көмектеседі. Критериалды бағалау жүйесі оқушының белсенділігін арттыруды, оқу удерісінде жарыса,бәсекелесе білім алуға қол жеткізеді. Кері байланыс «Бес саусақ » әдісімен аяқталды.Қатысушылар өз пікірлерін стикерге жазып, тілектерін білдірді.