5 сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі.
Жылдан жылға оқушылардың бастауыш сыныптан орта буынға бейімделу кезеңі өзекті мәселе болып туындайды.Оқушылар мектепке, мұғалім талабына, сыныптастарына үйренсе де, бейімделу проблемасы бар. Олар қайтадан жаңа әлеуметтік жағдайға үйренеді, жаңа сынып жетекшісі, пән мұғалімдері, жаңа пән. Әр мұғалім өз талабын қояды.Оқу жылының басында мектеп психологы 5 сынып оқушыларымен жұмыс жасады.Бесінші сыныпоқушыларының жаңа буынға бейімдеулерін, қалыптасу деңгейлерін анықтап, оқушылардың жаңа буынға тез бейімделіп кетуіне жағдай жасалынып, көмек көрсетілді. «Бесінші сынып дегеніміз не?», «Мен және менің отбасым»,«Біз және біздің сынып» атты тренингтер.Треннингке 5 сынып оқушылары белсене қатысты.