11.09. 2025 жылы мектебіміздің оқушыларына жас ерекшеліктеріне сай, үлкен үзілісте " Заңсыз діни білім" туралы видео көрсетілді. Мақсаты: оқушыларды қауіпсіздігіне қатер төнуден алдын-алу.
Заңсыз діни білім дегеніміз не?
Заңсыз діни білім – уәкілетті мемлекеттік органнан тіркеуден өтпеген немесе лицензиясы жоқ ұйымдар мен жеке тұлғалардың діни мазмұндағы сабақ, курстар немесе дәрістер өткізуі. Мұндай қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келеді.
Неге қауіпті?
Ресми бақылаудың болмауы жалған немесе радикалды идеялардың таралуына әкелуі мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігіне қатер төндіреді.
Мемлекеттік және діни ұйымдар арасындағы заңды тәртіпті бұзады
Не істеу керек?
Діни білім алмас бұрын мекеменің тіркелгенін және лицензиясын тексеру.
Күдікті курстар немесе адамдар туралы уәкілетті органдарға хабарлау