"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектебі"  КММ
КГУ “Общеобразовательная школа №7 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области”

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша бағалау

13.10.2017

Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша бағалау

Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылардың оқу жетістігін бағалауды критериалды бағалау жүйесі анықтайды. Бұл бағалау рәсімдерінің сапалылығын, олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігін және әр білім алушының оқудағы қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазақстан үшін ұсынылып отырған жаңа критериалды бағалау жүйесі білім алушының дамуын, оның қызығушылығын және оқуға деген ынтасын арттыруға бағытталады. Егер әр білім алушыға және оның ата-анасына түсінікті болатындай нақты әрі өлшемді бағалау критерийлері белгіленетін болса, бұған жетуге әбден болады. Анық құрастырылған бағалау критерийлерінің көмегімен мұғалім де, білім алушы да:

• Білім алушы оқытудың қай сатысында?

• Олар білім алуда неге талпынады?

• Бұған жетуге көмектесу үшін не істеу керек? екенін түсінеді.

Критериалды бағалау жүйесінің мақсаты: бағалау критерийлерінің негізінде білім алушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу және оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін оны барлық қатысушыларға ұсыну. Оқу жылы барысында оқудың ілгерілеуі, үлгерімі туралы мәліметтжинау үшін бағалаудың екі түрі  жүзеге асырылады:

ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ

Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып табылады, тоқсан барысында мұғалім тарапынан жүйелі өткізіліп отырады. Қалыптастырушы бағалауда баға, балл қойылмайды, мұғалім мен білім алушы арасында үздіксіз кері байланыс қамтамасыз етіледі. Қалыптастырушы бағалау кезінде білім алушылардың қателесуге, оны түзетуге құқығы бар. Бұл білім алушылардың мүмкіндігін анықтауға, қиыншылығын табуға, оң нәтижеге қол жеткізуіне көмектесуге, дер кезінде оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік береді.

ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ

Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру деңгейін балл түрінде бағалау үшін өткізіледі:                        

оқу бағдарламасының әр бөлімін оқып болғаннан кейін (бөлім бойынша жиынтық бағалау);                        

тоқсан аяғында (тоқсандық жиынтық бағалау).

Жиынтық бағалаудың балдары жиналып, тоқсан аяғында тоқсандық бағаға және оқу жылы аяғында жылдық бағаға ауыстырылып қойылады. Бұл үшін келесі шәкіл қолданылады:

Жиынтық

бағалау

балдарының пайыздық

құрамы

     Бағалау

    көрсеткіштері

                     Баға

0 %

  Бағаланбады

«1»

1%-20%

Қанағаттанғысыз

«2»

21%-50%

Қанағаттанарлық

«3»

51%-80%

Жақсы

«4»

81%-100%

Өте жақсы

«5»

Бағалау тәсілдері критериалды бағалаудың түрлеріне, пән мазмұнына қарай ерекшеленуі мүмкін. Жиынтық бағалау бойынша балл/деңгей/баға туралы шешімді мұғалім бағалау критерийлеріне сәйкес қолданады. Сонымен бірге мұғалімге әр білім алушының жұмысы бойынша дұрыс шешім қабылдауы үшін дескрипторлар немесе балл қою кестелері көмектеседі.

     Бағалау жүйесінің  негізгі мақсаты – білім сапасын арттыру болып табылады. Ал қазіргі заманғы білім сапасы дегеніміз ол білім алушының келешектегі өзінің әртүрлі жеке мәселелерін шешуге керекті, қажетті құзіреттіліктерін қалыптастыратын білім беру нәтижесі.  

ҚОРЫТЫНДЫ:

Критериалдық бағалау жүйесін қолдану арқылы біз:

1.Оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттау;

2.Тұлғаны өзіндік жауапкершілікке , тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізу;

3. Білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын  кез келген кезеңде анықтау;

4. Әртүрлі жұмыстардан алған бағаларды  дифференциалдауға болады (өздік жұмысы, күнделікті баға, үй жұмысы т.б.);

5. Құрылымдық бағалау мен нақтылы бағалаулар арқылы оқушының еңбегін анықтау;

6. Оқушының бағалау жүйесіне толық қанағаттануын аламыз.  

 

Просмотров: 1527


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст