Сабақта диалогтік оқытудың маңызы
Кезінде ұлы ғұламалардың бірі «Баланың бақыты жақсы ұстаздың қолында» деген екен. Сондықтан ертең ел тұтқасын ұстайтын бүгінгі жас ұрпақтың болашағы бірінші кезекте мұғалімнің берген білімі мен тәлім-тәрбиесіне
тікелей байланысты деп ойлаймын. Бұл оқытудың басты бағыты – ойлауды дамыту болып табылады. Яғни, оқушы өзінде бар білімді түрлі дереккөздері арқылы, мұғалімнен, оқулықтан, достарынан алған білімдермен біріктіре отырып іске асырады. Осыған дейін біз дәстүрлі оқыту үрдісін іске асырып келгенбіз. Ал сонда біздер
қолданып келген «дәстүрлі оқыту» қандай оқыту? Ол – қазіргі мұғалімнің 45 минуттағы іс-әрекеті. Мұғалім кіреді, сабақ сұрайды, сабақ түсіндіреді. 4-5 оқушыны бағалайды, қалғандары сол қалпында қалады.Бұл жердегі мұғалім тарапынан берілген дайын білімге оқушылар өздігінен ары қарай дамыту, іздену, ойласу, атсалысу, салыстыру, пікір алмастыру, пікір таластыру т.б жайлар қолға алынбайды. Мұндай білімнің аясы тар, көбінде жаттанды есте сақтауға алып келеді. Сондықтан көбінде санада механикалық есте сақтау арқылы алынған білім ойлаудың төменгі деңгейінде ғана жүзеге асырылады. Ары қарай терең ойлану үрдісі іске асырылмайды. Ал сыңдарлы оқытуда керісінше, мұнда басты басымдылық оқушыға беріледі. Мұғалімнен гөрі оқушы көп ойланып, көп талқылап, достарымен көп сөйлесіп, әрекеттенуі керек. Бұл жерде «маған айт, мен оны ұмытамын, көрсет, мүмкін, есімде сақтармын, мені қызықтыр, мен сонда түсінемін» деген мақалдың түпкі мағынасына терең бойлауға тура келеді. Өйткені, қазір өмірдің өзі нәтижеге бағытталған білім беруді сұрап отыр. Ол үшін іздену мен дамудан шаршамайтын кәсіби құзырлы педагог қажет.
Сондықтанда алдымен жеке тұлға ретінде өз бойыма көп өзгерістер енгіздім.Өзімді шыдамдылыққа, төзімділікке
жетеледім.Себебі бұрынғы дәстүрлі сабақта көбінесе оқушыға еркіндік бермей, сұраққа жауап алу мақсатында өзінің ғана жеке пікірін тез уақыт аралығында естіп отырыппыз.Ал қазір бұл жағдайларға мүлдем өзгерістер енді.Себебі
қаз-қатар тізілген парталарға отырған оқушылар бір-бірімен пікірталасқа түсе алмайды, ойларын ортаға сала алмай келген екен. Ал енді осы сындарлы оқытудың ең бір ерекшелігі оқушылар бірлесіп топпен жұмыс жасай отырып,ынтымақтастықта,ұйымшылдықпен өз ойларын ортаға салып,дәлелдей алатынына көзіміз жетті. Оқушылардың бойынан,тақырып бойынша сындарлы сөйлеуге ынталанғандығын,оқушылардың шынайы сезімдері мен қызығушылығының оянғанын,біле алдым. Ойымды қорыта келгенде, мен нені? кімді ?қалай өзгерттім ?
деген сұраққа алдымен өзімнің білім беру үрдісіне деген көзқарасымның өзгергенін, екіншіден сабақ жоспарым мен сабақ өткізудің тәсілінің өзгеруі және баланың еркіндігін шектемеулігін, оқушылардың сабаққа деген ынтасын оятуымның көп өзгергеніне көзім жетті.Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтың шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен дамытуын көмектесетін амал екенін меңзейді.Яғни екі оқушы арасындағы дебать –әңгіме барысында тартыс туындайды. Мұндағы оқушылар арасындағы қарым-қатынас көбіне «Иә, бұл солай», «Жоқ олай емес» деген бағытта жүзеге асады.Выготскийдің
оқыту моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды.Сондықтан оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің көшбасшылығы ерекше.Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен,әрине, бұл рөлдерде сыныптастары мен мұғалімдері болуы мүмкін,диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, оқыту жеңіл болмақ. Оқытудағы диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызын қарастыратын болсақ, сұрақ қою арқылы мұғалім:оқушыларды тақырып бойынша сындарлы сөйлеуге ынталандырады, олардың шынайы сезімдері мен қызығушылығын анықтайды.Және білімге құштарлықты дамытады, зерттеуге ынталандырады. Оқушылардың бір-біріне үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді. Сонымен қатар оқытудағы қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтайды. Өйткені сабақтың әр сатыларында зерттеушілік, қызығушылықты белсенділікті арттыратын сұрақ –тапсырмалар барысында диалогтік оқыту орын алып отырды. Нағыз мұғалім, міне, осы. Өйткені, әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы –ұстаз берген білімде. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келген кез келген мемлекет ең алдымен, білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше, осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңа формация мұғалімінің еншісіне тиері анық.