Ата-аналар жиналысы туралы мәлімет.
2017 жылдң 23 қыркүйек күні сағат 11: 00-де мектебімізде жалпы меутептік ата-аналар жиналысы болып өтті. Оған
мектебіміздің барлық сынып жетекшілері мен ата-аналары қатысты. Күн тәртібінде төрт сұрақ қарастырылды: 1-сұрақ 5-күндік оқуға көшу туралы Мектеп директоры У.З.Калиева ата –аналарға толық мағлұмат берді. Мектебіміздің директоры оқушыларды өз ана тілдерінде сөйлемейтінін нақты, ашық айтты. Ата-аналарға мектептен тыс уақытта қазақ тілінде сөйлеу керек екенін қатаң ескертті. Мектебімізде әсіресе қыз балаларымыздың киген киімі, журген жүрісі туралы ашық айтып, ата-аналарға ескерту жасады. 2- сұрақ Жаңа оқу бағдарламасы туралы ғылыми жұмыстар меңгерушісі М.Е.Шакеева баяндады. 3-сұрақ АІІ балалар инспекторы Г.К.Абдуллина мектеп оқушыларының міндеттері мен құқықтары жөнінде ақпараттар беріп, түсіндірді.4-сұрақ мектепішілік тәртіп, оқушы ережелерімен тәрбие ісі меңгерушісі Б.С.Смагулова баяндады.