2017 жылдың 2-қыркүйегінде сағат 10:00-де
қаламыздың алаңында білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Бұл жиынға
мектебіміздің барлық оқушылары, ата-аналары және құрметті қонақтар: Атбасар
ауданының тілдерді оқыту олрталығының директоры:Ермекбаева Мереке Серікбайқызы
және Атбасар ауданы білім бөлімінің әдістемелік каминетінің меңгерушісі:
Құрақбаева Гүлжан Аманқызы қатысып, жиылған қауымды, оқушыларды, ұстаздарды,
білім күнімен құттықтады.Мектеп директоры Қалиева Уасиля Зайымбекқызы сөз алып
оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады. Салтанатты түрде Қазақстан
Республикасының мемлекеттік туы еңгізіліп, гимн орындалды.Мектебіміздің
домбырашылар тобының орындауындағы «Ерке сылқым» күйі орындалды. Оқу ісінің
меңгерушісі: Алкенова Н.А. жаңа оқу жылының бұйрығымен таныстырып, хабарландыру
жасады. 4 сынып оқушылары Бабаева Аяулым мен Исин Рахаттың орындауында мектеп
жайлы шағын көрініс ұсынылды. Ортаға 1-сынып бүлдіршіндері шығып, мектеп туралы
тақпақтарын оқып, 2017-2018 оқу жылының алғашқы қоңырауын соқты. 11-сынып
түлектері Исин Руслан мен Еспенбет Ғалия жас бүлдіршіндерге тілек білдіріп, гүл
шоқтарын табыс етті. Ата аналар тарапынан құттықтау сөз Шулақова Төлеш апай мен
Жанзакова Гүлзағира апайларға сөз
берілді. Мектеп белсенділерінің орындауында ЭКСПО және Астанаға арналған
флеш моб орындалды, және 11-сынып қыздарынан құралған трионың орындауында
«Мектебім»-атты ән шырқалды. Салтанатты жиын соңында мемлекеттік ту шығарылып,
мектеп оқушылары «Мен Отанымның патриотымын»-атты сынып сағатына мектепке
кірді.