Атбасар қаласының №7 қазақ орта мектебінің ұстаздары шілде айының 18-ші жұлдызында Астана ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін тамашалап қайттық. Саяхатты Қазақстанның ұлттық «Нұр Әлем» павильонынан бастадық. Қазақстанның ұлттық павильоны өте керемет. ЭКСПО басты ғимараты сегіз
қабаттан тұратын шар тәрізді, әр қабатта орналасқан күн энергиясы, жел энергиясы, су энергиясы, биотехнология, жаңа технологиялар мен техника жетістіктеріне куә болдық.
Басқа мемлекеттердің де павильондарын аралап, сол елдердің жетістіктері мен
салт-дәстүрлерімен таныстық. Әр елдің павильонында маңдайшасында мемлекеттердің
атауы жазылған. Италия, Испания, Германия, Швейцария, Қытай, Жапония, Үндістан,
тағы басқа елдердің жетістіктерін тамашаладық. Елдің өкілдері өте қонақжай, жайдары ашық, өз
көрмелерін ыждаһатпен таныстырып көрсетті. Оқушылар мен ұстаздар «ЭКСПО-2017»
көрмесінен керемет ұмытылмас әсер алдық.