Текст
2017 жылдың түлектерінің мектеппен қоштасу салтанаты қаламыздың алаңында 12 маусым күні сағат кешкі 21:00 – де өтті. Мектебіміздің түлектері алаңда сап түзеп , балалық шақтарымен қоштасты. Әдемі ән, флешмоб, вальстерін көрермендерге паш етті. Аспанға армандарына жеткізер тілектерімен шарлар жіберді. Ата – аналар тарапынан
Исабекова Б.З. сөз сөйлеп, түлектерге ақ жол тіледі. « Алтын белгі» иегері Икрамов Нұрбақыт ұстаздарға, ата – аналарға 2017 жылдың түлектері атынан тілегін білдірді. Мереке соңында аспанға от шоқтары атылды.