"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектебі"  КММ
КГУ “Общеобразовательная школа №7 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области”

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Алғашқы ұстаздарымен түлектердің кездесуі

17.05.2017

Алғашқы ұстаздарымен түлектердің кездесуі  

Тәуелсіздікке жаңағана қол жетіп тұрған заманда ұстаздар алдында болашақ ұрпақ үшін атқарар шаруа баршылық еді. Әсіресе, талай жылдан бері қағажу көріпкеле жатқан туған тілімізді тұғырына қайта қондыру, дәлірек, айтқанда қазақ мектебін ашу.

Осы  шаруаның бас-қасында болып, олардың өң шешімін табу да айтарлықтай үлес қосқан ұстаздардың ішінде Шарипова Күлян Айтқожина, Арықпаева Сандуғаш Өтемісқызы, Садвакасова Гульшайза Балтабекқызы, Ибраева Раушан Қинаятқызы да бар еді. Осы  ұстаздардың есімдерін ерекше атау себебім -2000 жылғы бітірген түлектердің алғашқы ұстаздар еді. Сол қазақ мектебі қазір аудандағы алдыңғы қатарлы білім ордасының бірі.

Биыл іргесінің қаланғанына 26 жыл болса, мектеп түлектерінің бітіргендеріне 17 жыл болыпты. Қазіргі танда әр салада қызмет атқаруда. Сол алғашқы ұстаздар бүгінгі танда самайларың қырау шалған зейнеткер-ардагер, ұстаз-аналар «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, 2000 жыл мектеп түлектерінің бәрі 7 мамыр күні қарт ұстаздарына ерекше «тосын сый» әзірлеп, бастарын қосты.

Қарт ұстаздарының көңілдерін аулан, мәртебелерін бір көтеріп тастады. «Жақсылық жасасаң – балаға, кәріаға жаса» деген рас екен. Балалық шақа саяхат жасалды. Алғашқы ұстаз марқұм Ибраева Раушан Қинаятқызын еске алды. Бұл кездесудің тосыннан болуы 1-11сыныпқа дейін оқытқан алғашқы ұстаздары Арыкпаева Сандуғаш Өтемісқызының өз еліне қайтуға бел бұғаның естігендерінен болса керек. Өйткені апайлары Алматы облысының тұмасы еді.

Қаншама шәкірттеріне қанаттандырып ұшырды, қыздарын құтты орынына қондырды, ендігі ойы бала-шаға, туған-туыс ортасында болу. Мектепте Сандуғаш апай арқашан тарихта қалмаса да, шәкірттерімнің жүрегінде қалып, мені еске алатындарына кәміл-сенімін дейтін міне, ұстаз біліп, тауып айтыпты. Алғашқы шәкірттері ұстаз құрметіне бас иіп, ұстаз көңілінен шықты. Осының бәрінен ой түймек, үлкенді сыйлау, құрметтеу, қазақ мектебіндегі

дұрыс тәрбие мен білімнің негізінде дер едім.

 

Просмотров: 777


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст