№7 қазақ орта мектебі бойынша «Жас Ұлан», «Жас Қыран»
ұйымына қабылдануы туралы мәлімет.
Қазақстан Республикасының Қарулы күштер күнінің қарсаңында, Ұлы Отан соғысының 72 жыл толуының қарсаңында мектебіміздің үздік, белсенді балдырғандарын «Жас Ұлан», «Жас Қыран» қатарына салтанатты түрде қабылдадық.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен құрылған Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты қабылдау рәсімінде 110 «Жас Қыран» 40 «Жас Ұлан» қатарына қабылданды.
Мемлекеттік гимн орындалып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы еңгізілді. Ұланбасы Жайсаңбай Айбек Ержанұлы «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымының жиынның дайындығы туралы баяндады. Құттықтау сөз мектебіміздің директоры Қалиева Уасиля Зайымбекқызына және де тәрбие ісінің меңгерушісі Смағұлова Бахыт Серік қызына берілді. «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымына қабылдау рәсімі мектебіміздің ұстаздарына, қонақтарға, мектебіміздің белсенді, бетке ұстар, нағыз патриот ұландарына галстук тағуға рұқсат етілді.
Салтанатты антты әр сыныптың топ басшылары Ұланбасына ант берді. 4 «А» сынып оқушысы Нұртаза Диас музыкалық ән-шашуын «Жас Ұлан», «Жас Қыран» мүшелеріне тарту етті.