"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектебі"  КММ
КГУ “Общеобразовательная школа №7 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области”

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Үздік педагог-2017" сайысы

04.05.2017

Ұстаз бағасы-шәкірт білімінде

  Ұстаз жолы қиынырақ

басқадан,

Сырлары көп сыртқа әлі

шықпаған.

Шаршаса да осы жолдың бойында,

                                                             

Қандай рақат,шын бақытын тапса адам

 

  Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет

екендігін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең басты, маңызды мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және де екіншісі– ол да маңызы жағынан біріншіден еш кем емес: «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?».

     Білім беру саласында оқушылар үшін білім де, дағдылар да тең дәрежеде маңызды деген ортақ ұстаным қалыптасуда. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады,

ал ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында. Заман өзгерді, заманмен бірге адам өзгеру керек.

Заман көшінен кеш қалмай адамды өзгертетін тұлға  кім ?

-Ол әрине ұстаз.

Қандай ұстаз? Заман талабына сай ұстаз.

    Осындай ұстаздардың бірі-Атбасар қаласындағы №7 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Халел Марзия.

     1996 жылы Ақмола педагогикалық колледжін «қызыл»дипломмен тәмәмдаған ол, Қарағанды педагогикалық институтына жолдама алады. Бірақ жоғары мамандықты Қарағандыда емес, Көкше академиясының бастауыш сыныпта оқыту бакалавры мамандығымен аяқтау 2014 жылы ұстазға бұйырды.

Ұстаздың жалпы еңбек өтілі -19  жыл.Санаты-бірінші.

        «Адамды табысқа жеткізетін не?» Көбісі ойлайды ақша,мәнсап,билік деп... Жоо-жоқ,адамды табысқа жеткізетін сол адамның өз мамандығына деген сүйіспеншілігі.

          Қазір «Екі қолы партада,екі көзі тақтада» отыратын бұрыңғы бала жоқ. Қазір талап өзгерді.Әр оқушының ерекшелігін,қабілетін,сұранысын ұстаз бір қарағаннан біліп отыру керек және сол

сұранысқа сай жұмыс атқару керек.Сонда ғана оқуда сапа болатынын ұстаз біледі.

     Ұстаз бүгінгі талапқа сай арнайы деңгейлік курстан өтті.Деңгейлік курс барысында көптеген оқыту стратегияларды,сондай-ақ нақты әдістер мен стратегияларды қалай және қай  жағдайда қолдану қажеттігі туралы біліммен қаруланды.Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мықты дағдыларын

игерді.Оны оқытудың тиімді құралы ретінде қалай пайдалану әдістемелерімен

танысып, меңгеріп шықты.

     Қазіргі уақыттағы жаңа педагогика ғылымындағы проблема ол - оқушылардың пәнге деген

қызығушылығын арттыру болып табылады. Жаңа технологияның әдіс - тәсілдері

оқушылардың білімін толықтыруға көмектеседі. Осыған орай озық тәжірибе, жаңа

технологияның тиімді әдістерін таңдап алып, оларды үйлесімді, тиімді және

шығармашылықпен пайдалану - ұстаз шеберлігінің белгісі. Оқушылардың

шығармашылығын, ізденушілігін дамытып, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап,

олардың өздеріне деген сенімін, білімге ынтасын арттыруға үлесін қосуда.

Мұғалімнің мұндай көзқарасы баланың белсенділігін арттырады. Білімге деген

құштарлығын көбейтеді.

       Дарынды оқушылармен жұмыс барысында  2016оқу жылында  Республикалық сырттай  «Бір халық – бір мүдде!» байқауына «Эссе» номинациясы, «Елбасы – ел тірегі» конкурсына 

оқушылары Қадес Жанерке мен Сағындық Аружан қатысып сертификат алды.Ал

Абдрашитова Дина 2 сыныптарға арналған пәндер марафонына қатысып  әр пәннен жүлделі  1, 2 орындарды иеленді. 2016 оқу жылында Республикалық қашықтық олимпиадасында оқушылары Сағындық А,Кайролла М,Уткербаев Т,Абильдин М,Тагаева Б,Қадес Ж,Даут Қожа Ахмет,Абузар М, Нурланова С,Трархан Г 1-орын, Абдрашитова Д,Наухан Е,Асылбекова Г, Курсаубаева Ж, Нуртазина М,Ертаев Н  ІІ- орын иеленді.

    2017 жылы Республикалық  «Ұлы дала елі» байқауының « Қазақтың жайнар

даласы» номинациясы бойынша ұстаздың жұмысы Республикалық деңгейдегі кітапқа

еніп, алғыс хатпен марапатталды.

  «Білім беру жүйесіндегі жаңаша көзқарас» тақырыбында жазған мақаласы  облыстық

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының «Жаңа форматтағы педагог

ретінде қалыптасуы» атты кітапқа енді. 2015 оқу жылы  аудандық мұғалімдерге арналған әдістемелік

эссе конкурсында ІІІ-орын,2016оқу жылы «ZIAT» Ғылыми –әдістемелік орталығымен

ұйымдастырылған қашықтықтан өткізілген ІІ Республикалық педагогтардың «Өнегелі

ұстаз» атты сайысында І-орынды иеленді.

     

«Заманына қарай адамы» деп, өзіміз өмір сүріп отырған уақытқа сай ұлтжанды, білімді ұрпақ тәрбиелеп шығару міндетіміз.

    Қасиетті білім ордасы мектепке «білсем», «көрсем», «білімді азамат болып өссем»  деп үлкен арманмен келіп отырған кішкентай бүлдіршіндерді оқытып, тәрбиелеуге ұстаздық ықыласпен қарау – парызы екенін

ұстаз әрдайым естен шығарған емес.

    Қазіргі қоғамда ұстаздың бір арқа сүйері-ол ата-аналары.«Ұлым дейтін ел болмаса,елім дейтін ұл қайдан болсын»демекші ата-аналары да сыныптың шарасынан кеш қалған емес.

Осы орайда ұстаздың жақында шыққан биіктер белесіне тоқталғымыз келеді.

Ол нағыз ұстаздар бәйгесі-«Үздік педагог-2017»сайысына қатысып 1-орын иеленді.

Бұл сайыста жеңімпаз атануына бірден-бір көмегін аямаған ол-осы сыныптың ата-аналары.

     Әр ата-ана сеніммен тапсырған, әр ата-ананың аманты іспеттес балғын әрбір шәкіртті білім

нәрімен сусындатып, мұғалім деген мәртебені биік ту етіп алып жүру, оқушыларға жақсы тәрбие мен білім беру үлкен ерлік. Себебі ұстаз тәрбиелеген ұрпақ ертеңгі күні еліміздің тірегі болмақ.

Тәуелсіздіктің тұғырын, еліміздің тыныштығын сақтап қалатын да солар. Сондықтан да ұстаз болу - жүректің батырлығы!

Просмотров: 718


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст