25 сәуір күні Жас ұстаздар онкүндігінің жабылуына орай директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Алкенова Нурсулу Амандыковнаның басшылығымен ұйымдастырылған жас ұстаздар арасында
мектебімізде «Жас ұстаз-2017» байқауы болып өтті. Сайыс 4 кезеңнен тұрады.
1 кезең-сырттай,яғни мұғалімнің портфолиосынжәне «Мамандығым мақтанышым»
тақырыбында жазылған эссе мен өткізілген ашық сабақтарын белгіленген критерийлермен бағалау
жүргізілді.Сайысқа қатысқан 7 мұғалімнің де жұмыстары «өте жақсы»деген бағамен бағаланды. «Сегіз
қырлы,бір сырлы» демекші ұстаздарымыз әр кезеңде өздерін әр қырынан көрсете
білді. Құлақтан кіріп бойды алар, Әсем ән мен,тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең, менше сүй,-деп Абай атамыз жырлағандай, өнерлі ұстаздарымыз 2- Таныстыру кезеңінде өздерін музыканың сүйемелдеуімен өте тартымды таныстыра білді.
3-кезең: Әр түрлі деңгейде құрылған жағдаяттарға жауап беріп,қорғауда жас мұғалімдер өз шеберліктерін көрсете білді.
«Жас ұстаз-2017» байқауында Жакупова Ботагоз «Өнерлі ұстаз», Санах Жанылган «Ізденмпаз ұстаз», Карауылова Айгуль «Жаңашыл ұстаз» номинациясымен марапатталса, Каппасова Меруерт жаңа үлгідегі сабақта ұтымды әдіс-тәсіл көрсеткені үшін жүлделі 3-орынды жеңіп алды. Ақтайлақ Жанаргуль өзіндік
ізденісімен ерекше көзге түскені үшін жүлделі 2-орынды жеңіп алды. Бұл байқауда өзіндік жаңашылдығымен Джиенгарина Аридаш 1-орынды жеңіп алса, барлық кезеңдерде өте жоғары деңгейде өнер көрсеткені үшін
Тулегенова Назира бас жүлдені жеңіп алды.
«Жас ұстаздар» онкүндігі барысында жас мамандар әр түрлі пәндерден өз білім дәрежелерін,тапқырлықтарын көрсете білді.Барлық сабақтар «өте жақсы» деңгейде өткізілді.Онкүндік барысында әрбір жас ұстаз өз білімі мен
шеберлігін дамытуға мүмкіндік алды.