Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен 01.03.2017 ж «Алғыс айту күні» етіп жарияланды. Сол күннің қарсаңында №7 қазақ орта мектебінде айтулы күн өтті. Соған орай әр сыныпта «Ризамын және
алғыс айтамын» деген тақырыпта сынып сағаттар, тренинг ойындар, «Алғыс күні-еліміздегі ұлттардың бірлігін нығайтудың негізі» тақырыбында ең үздік эссе сайысы өткізілді. Бұл өткізілген іс-шараның мақсаты жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңізді ешкімнен ешқашан аямау, адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңде сақтау және табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпау деген қасиеттерді оқушылардың бойына дарыту.