"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектебі"  КММ
КГУ “Общеобразовательная школа №7 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области”

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Облыстық семинар

23.02.2017

Ақпанның 14 жұлдызы күні Атбасар ауданының білім бөлімінің Атбасар қаласы № 7 қазақ орта мектебінде облыстық деңгейде  семинар-практикум  өтті. Семинардың мақсаты; жаңаша бағдарлама бойынша 1 сыныптарда қалыптастырушы  бағалауды  еңгізу,және жаңаша әдіс-тәсілдерді,жұмыс түрлерін сабақта қолдану.Семинардың тақырыбы: «Заманауи мектебінде критериалды бағалауды  қолдану». Осы облыстық семинар-практикумға Көкшетау қаласынан педагогикалық шеберлік орталығынан жаттықтырушы Жорумбаева Сауле Байкешовна әдістемелік көмегімен ретінде келіп қатысты. Сонымен қатар ауданның 35 пән мұғалімдері семинарға тәжірибе алмасу мақсатында қатысты. Екінші санатты орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімі 1 «а» сыныпта  Кульбаева Гульшат  Кадыровна «Транспортные средства» тақырыбында ашық сабақ  өткізді. Оқушылар сабаққа өте белсенді қатысты. Сабақ жақсы деңгейде өтті. Грамматикалық тапсырмалар балалардың жас ерекшелігіне бейімделген. Оқушылардың интеллектуалдық сезімдерін ояту үшін және қалыптастыру мақсатында бірнеше  транспорт туралы бейнесюжет көрсетілген. Және бірінші санатты бастауыш пән мұғалімі Таженова Гүлбану Қартайқызы  «Жыл мезгілі» тақырыбында  1 «б» ашық сабақ

өткізді.Ашық сабақ жақсы деңгейде өтті. Мұғалім өз мақсатына жетті. Ашық сабақтардан кейін Сауле Байкешовна семинар-практикум өткізді. Сабақтарға қалай талдау жасау керек екендігін,оқушыларды қалай бағалау керек екендігін туралы бағыт-бағдар берді. Сонымен қатар ұстаздар өздерін толғантып жүрген сұрақтар қойылды. Семинар-практикум сонында ұстаздар кері байланыс жазғанда тренирге үлкен алғысты білдіріп, осындай семинар жиі болса екен деген ұсыныстар білдірді. Семинар жоспарланған жоспар бойынша  жақсы деңгейде өтті, қатысқан ұстаздар көтерінкі көңіл-күймен үйге таралды.

Просмотров: 777


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст