"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектебі"  КММ
КГУ “Общеобразовательная школа №7 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области”

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ақ бота» қыздар мектебі

14.02.2017

2017 жылдың 13 ақпан күні сағат 16:00-де  «  Ақ бота» қыздар мектебінің кезекті отырысы өтті. Бұл отырыста қыз балаларымыздың  арасында жыныстық тәрбиеге байланысты бірқатар мәселелер көтерілді. Ол  жеңілтектіктің арты немен аяқталады, ерте жүктілік, т.б. мәселелер. Қыздарға мектебіміздің медбикесі арнайы брошюралар үлестіріп, қыздардың етеккірлері жөнінде біршама кеңестер берріп, күнделікті өмірлерінде тазалықты, денсаулықтарына баса назар аударуларын өтінді. Осыған орай дене тәрбиесі сабақтарында денсаулыққа пайдалы жаттығуларды орындауды ұсынды. Сонымен қатар  мектеп психологы Шахметова А.Н.ұйымдастыруымен «Жасөспірімдерге адамгершілік –жыныстық тәрбие беру негіздері» атты тренингтер  өткізді.Бұл тренингтерге  мектебіміздің 5-11 сыныптың қыз балалары   қатысты. Тренинг барысында Асемгүл Назымбекқызы қыз балалардың ерте жыныс қатынасына баруының салдарына, ерте жүкті болуы себептеріне толық тоқталып кетті.Тәрбие ісінің  меңгерушісі Смагулова Бахыт Сериковна әр сыныптың қыз балаларының жас ерекшеліктеріне қарай жыныстық тәрбие, жеке бас гигиенасы туралы толық мағлұмат беріп,  «Бүгінгі күннің қыздары қандай болуы керек? деген тақырыпта әңгіме өрбітті. Әңгіме барысында арнайы слайдтер көрсетіліп, талқыланды.Әсіресе қыз балалардың тазалығы, киім киісі,өзін - өзі ұстауы жөніндегі әңгіме қыздарға өте ұнады.Отырыс соңында қыздар үнемі өздерінің денелерін, киімдерін таза ұстауларына, қай жерде болсын өздерін қазақ қызына сай ұстауы керек екендігі туралы, «қызға қырық үйден тыйым» тақырыбының төңірегінде әңгіме болды. Қыз балалар ұлдармен қалай өздерін ұстауы керектігі жөнінде де әңгімелесті.Жалпы  мектеп бойынша жыныстық тәрбиеге байланысты  түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі.

Просмотров: 874


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст