"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектебі"  КММ
КГУ “Общеобразовательная школа №7 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области”

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау»

18.01.2017

Аудандық семинар 2017 ж 14 қаңтар күні Атбасар қаласы №7 қазақ орта мектебінде «Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау» атты аудандық семинар өтті. Семинардың мақсаты: бағалау критерилерінің негізінде білім алушылардың оқу жетістіктері  туралы шынайы ақпарат алу және оқу үрдісін жетілдіре түсу үшін оны барлық 

қатысушыларға ұсыну. Семинар барысында аудан мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысып, критериалды бағалау жолдары мен әдістері туралы пікір алмасты. Семинарға қатысушылар бағалау мен жинақтық бағалаудың айырмашылығын атап айтты.Жеке жұмыс кезіндегі, жұптық жұмыс кезіндегі, топтық жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалаудың түрлері туралы пікір алмасты. Қалыптастырушы бағалу-оқушының күнделікті алған білім деңгейін анықтайды.Ал, жинақтық бағалау-белгілі бір тақырыпты қорытындылау мақсатында, тоқсан аяғында жазылған бақылау жұмыстарына қойылатын баға екенін айтып,өзара қызу пікір алмасты.

Просмотров: 766


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст