"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектебі"  КММ
КГУ “Общеобразовательная школа №7 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области”

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Керемет кездесу туралы мәлімет

04.01.2017

2016 жылдың 29 желтоқсан күні сағат 11:00 де мектебімізде  ауданымыздың атың шығарған жас спортшы,

мектебіміздің түлегі Тайкенов Жалғаспен кездесу өткізілді. Бұл кездесуге Жалғастың анасы Тайкенова Дария Төлешқызы, екі әжесі, ұстаздары және мектебіміздің оқушылары қатысты. Кездесу барысында Жалғас туралы

бейнефильм  көрсетіліп, жетістіктері туралы айтылды. Анасы Дария Төлешқызы Жалғастың балалық шағы туралы айтып, баласының өмірге деген құштарлығына тоқталды. Әжелері Жалғастың кішкене кезіндегі қылықтарын еске түсіріп, көздеріне жас алды. Мектеп ұстаздары: Өтегенова Ругайда Курмановна, Асқар Ерлан Жалғастың жетістіктеріне тоқталып, оның жігерін, жеңіске деген  ұмтылысы туралы баяндады. Тәрбие ісі меңгерушісі Смагулова Бахыт Сериковна Жалғастың мектеп қабырғасындағы алғашқы жетістіктері, ең алғашқы КВН ойынынан алған Гран При жүлдесі  туралы айтып, еске көп нәрселерді түсірді. Кездесуге келген мектеп оқушылары өздерінің қызықтырған сұрақтарын қойып, Жалғастың алдағы жоспарларын сұрап, жауаптарын алды. Кездесу сщңында естелік

суретке түсті.

Просмотров: 644


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст