«№ 7 қазақ орта мектебі»КММ бойынша «НұрОтан» партиясының нұсқаулығына қатысты
«Дұрыс тамақтану» эстафетасы туралы мәлімет
2019 жылдың 1ақпан күні мектебімізде барлық сынып оқушылары арасында дұрыс тамақтануды насихаттау масатында сынып сағаттары, дөңгелек үстелдер, эстафеталар жүргізілді. Бұл іс -шаралар барысында сынып жетекшілері мен асхана қызметкерлері жасөспірімдерге кеңестер беріп, жүйкеге және асқазанға әсер ететің жағымсыз тағамдарды ас мәзіріне еңгізбеуді, сонымен қатар ас түзының тамаққа қанша мөлшерде қосылуы жөнінде толық мағлұматтар берді. Дұрыс тамақтанудың мысалдарын келтіріді. Адамның асқазанына зиян келтіретін кока – кола тірізді сусындардың, чипсы, кириешки, т.б. зиянды тағамдар туралы толық мәлімет берді. Оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, талқыланды. Сонымен қатар сынып жетекшілер өз сыныптарында өткізілген ата – аналар жиналысында да балалардың үйде болған кезінде де дұрыс және уақытылы тамақтануын қадағалауды ескертілді. Жас жеткіншектердің асқазандарына зиян келтіретін тағамдар мен сусындарды ішпеуіне ықпал етуіне шақырды.