Қазақстанда бір ғана тұғырлы тіл бар, ол мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Тұғыр сөзі діңгек, қазық деген мағынада қолданылады. Бір шаңырақты көтеру үшін үш діңгек керек емес. Бір діңгекпен көтерген шаңырақтың жан-жағынан уықтар қадалып, оның беріктігін қамтамасыз етеді. Біздің алтын діңгегіміз, тұғырымыз – қазақ тілі, ал жан-жағынан өзге тілдер мемлекеттік тілді қолдап уық секілді қадалады.
Келешекке терең біліммен қадам басып, әлемдік білім кеңістігінің құпияларына үңіліп, қоғамға бейім, өз қабілетін таныта алатын, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген құзіретті тұлғаны қалыптастыру басты мақсаттардың бірі. Елбасының үштұғырлы саясаты аясында шетел тілін үйрену, оның қолданыс аясын кеңейту бүгінде кезек күттірмейтін өзекті де келелі мәселелердің бірі болып отыр. Осы мәлелердің шешімін іске асыру жоспары бойынша мектебімізде информатика мұғалімдерінің тәжірибе алмасу аудандық семинары өтті. Математикалық бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқыту әдіс-тәсілдерін ұтымды қолдануды мектебіміздің информатика пәнінің мұғалімі Бекишев Әділ Тұрарханұлы өткізген оқытуында байқалды. Бірінші кезеңде тыңдаушыларға ағылшын тілінің әріптерінің айтылуы ұсынылды.
Екінші кезеңде тыңдаушылар 4 топқа бөлінді:
1)Listening – Тыңдалым – Слушание
2)Speaking – Айтылым – Говорение
3)Reading – Оқылым – Чтение
4)Writing – Жазылым – Письмо
Әр топ атауыңа байланысты әрекеттерді орындады. Тыңдаушылар белсенділік танытып берілген сөздерді дұрыс айтуды, оқуды, жазуды үйренді.
Оқу ісінің меңгерушісі: Алкенова Н.А.